Мамандық таңдау – бақытты өмір бастамасы - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1340 Статистика

Мамандық таңдау – бақытты өмір бастамасы

Мамандық таңдау – өмір жолындағы жауапты, шешуші қадам. Бұл үстірт қабылдауға болмайтын қадам. Мамандық таңдай отырып, келешек өмірдің құрылу жолын таңдайтынымызды ұмытпауымыз қажет. Мамандық біздің өмір жолымызды анықтайды.  
2019 жылдың ақпанның  02-12 аралығында кәсіби бағдар  жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Тараз қалаларында облыстық, қалалық білім басқармаларының жетекшілерімен және мектеп түлектерімен кездесу болды.
 
 

Облыстық білім басқармасының жетекшілерімен кездесу барысында облыстық  білім гранттарының конкурсына қатысу сұрағы талқыланды.
Білім басқармасының жетекшілерінің келісімі бойынша мектеп түлектерімен ақпараттық, үгіт-насихат сипатындағы кездесулер өткізілді. Білімгерлер контингентін қалыптастыру институтының директоры Л.Т.Алдибаева мектеп оқушыларын білім беру бағдарламаларымен таныстыра отырып, студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламалары, халықаралық серіктес-жоғары оқу орындары, бірлескен жұмыстар, университеттің қазіргі жетістіктері мен инфрақұрылымы туралы баяндады. Біздің университетіміздің жаңа бастамасы – заманауи талаптарға сай, оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін, қос диплом алу мүмкіндігіне баса назар аударылды.
 

Сондай-ақ «Алтын Мұрагер» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Қазақстан Республикасының оқу орындарының білім жәрмеңкесіне» қатысу барысында Шымкент қаласының мектеп, колледж және  университет білім алушыларымен жүздесе отырып, кәсіби бағдар беру жұмыстары ойдағыдай жүргізілді.
 

Осы кездесулер нәтижесінде, мектеп оқушыларының болашақ мамандық таңдауында дұрыс бағыт-бағдар бердік деп ойлаймыз, сонымен қатар оларды университет студенттері қатарынан көретінімізге кәміл сенеміз.
           
 
Білімгерлер контингентін қалыптастыру институты
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты