Мамандық таңдау - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1516 Статистика

Мамандық таңдау

Жуырда «Алтын мұрагер» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Ақтау және Атырау қалаларында «ҚР жоғары оқу орындарының жәрмеңкесі» болып өтті. Қазақ ұлттық аграрлық университетінен «Білімгерлер контингетін қалыптастыру» институты директоры Әлдібаева Ләззат Тұрғынбайқызы мен «ІТ-технологиялар және автоматтандыру» кафедрасының аға оқытушысы Емир Кады Оглу Айнұр Нысанбайқызы  Ақтау қаласында «Holiday Inn» және Атырау қаласында «Renaissance» конферец залдарында өткен Жәрмеңкеге қатысты.
 

Ақтау қаласындағы жәрмеңкеге 1800-ден астам,  Атырау қаласында 3000-нан астам мектеп және колледж түлектері қатысып, университет туралы материалдар таратылып, ақпараттық-түсіндірме жұмыстары өткізілді. Жәрмеңкелерде университет туралы әртүрлі видеороликтер үлкен экраннан көрсетіліп тұрды.  Университетке деген қызығушылық танытушылар саны  қатысушылар арасынан көптеп табылды. 
 
 
 

Атырау қалалық және облыстық білім бөлімдері басшыларымен кездесіп, болашақта атқарылатын жұмыстар туралы сұхбат өтті.
 
 

Атырау қаласындағы № 18 мектеп, Мемлекеттік аграрлы-техникалық және «Болашақ» колледжі, Сарайшық ауылындағы Сарайшық орта мектебі мен колледж түлектерімен  жүздесіп,  үгіт насихат жұмыстарын  жүргізе отырып, мамандық таңдауда шатаспауға өз септігімізді тигіздік деп есептейміз.
 

«Білімгерлер контингентін қалыптастыру» институты
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты