Македониядағы Халықаралық NUTRICON-2018 "Food Quality and Safety, Health and Nutrition" Тағам Конгресі және "Hygienic Engineering and Design" тренингі - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1004 Статистика

Македониядағы Халықаралық NUTRICON-2018 "Food Quality and Safety, Health and Nutrition" Тағам Конгресі және "Hygienic Engineering and Design" тренингі

2018 жылдың маусым айының 11 мен 16 жұлдыздары аралығында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің "Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі" кафедрасының профессорлары Оспанов Әбдіманап Әбубәкірұлы мен Тимурбекова Айгүл Құлахметқызы Македонияның Охрид қаласында өткен Халықаралық NUTRICON-2018 "Food Quality and Safety, Health and Nutrition" Тағам Конгресіне және осы Конгрестің аумағында ұйымдастырылған "Hygienic Engineering and Design" тренингіне қатысты. Ә.Ә. Оспановтың тағылымдамалық шығындары оның ұтып алған "2017 ж. ЖОО үздік оқытушысы" гранты есебінен төленді, ал А.Қ. Тимурбекованың шығындары – ҚР БжҒМ грантпен қаржыландыратын 2018-2020 жж арналған ҒЗЖ Жобасы есебінен төленді. Халықаралық NUTRICON-2018 Тағам Конгресі, сонымен қатар тренинг Охрид қаласының орталығынан 5 км жерде тікелей Охрид көлі бойында орналасқан 4 жұлдызды Granit қонақжайында өтті.


Форум қонақжайдың ұлттық және халықаралық деңгейде семинарлар, симпозиумдар, конференциялар, конгрестер ұйымдастыруға мінсіз сәйкес келетін заманауи дизайнді интерьері мен жабдықтары бар конгресс-залында өткізілді.
Бұл Конгресс және Конгресс аумағындағы тренинг Еуропалық гигиена және дизайн ұйымымен (EHEDG), Global Harmonization Initiative (GHI) ұйымымен және Hygienic Engineering and Design журналымен әріптес бола тұрып Consulting and Training Centre KEY-мен ұйымдастырылған болатын.
Конгресске Румыниядан, Германиядан, Турциядан, Македониядан, Казахстаннан, Ресейден, Сербиядан, Албаниядан, Хорватиядан, Словакиядан, Босния және Герцеговинадан және басқа елдерден ғалым-зерттеушілер қатысты. Ғылыми форумға қатысушылардың барлығы сертификаттар алды, баяндама тезистері Абстракттар Кітабында жарияланған болатын, ал толық мақалалар сарапшылардың бағалауынан соң Scopus мәліметтер базасына кіретін Journal of Hygienic Engineering and Design беттерінде жарияланатын болады.
Тренингте қатысушылар гигиеналық дизайн мәселелері бойынша дәрістер тыңдады: гигиеналық дизайн бойынша білім жеткіліксіз салаларды анықтау; кездесетін кемшіліктер мен ноу-хаудың болмауын тәжірибелік басқару принциптерімен және білім берумен толықтыру; гигиеналық жобалау және жобалау мен қауіпсіз тағамдық өнімдер өндіру саласына сарапшылық білім беру, жүйе жасау және әрі қарай дамыту; ЕО заңдамаларына сәйкес гигиеналақ жобалаудың заманауи талаптарының барлық аспектілері бойынша ғылыми-техникалық жетектемелер дайындау; тағамдық өнімдер өндірісінде қолданылатын жабдықтардың қауіптілігін анықтау және азайту мақсатында сынау әдістерін жасау; стандарттау органдарындағы қатысуды күшейту; ЕО-пен, сонымен қатар басқа ұйымдармен әріптестікті қатайту; гигиеналық жобалау саласындағы зерттеулер мен жасалымдарды ынталандыру; гигиеналық жобалау бойынша ноу-хауларды цифрлы және баспалық БАҚ барлық түрлерімен, конгрестерде, семинарларда және басқа халықаралық және жергілікті деңгейдегі шараларда жылжыту және тарату.


Тренингте дәріс оқығандар: профессор Владимир Какуринов (Consulting and Training Centre KEY президенті) және профессор Марк Шамцян (Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық институты).
Алынған білім мен материалдардың нәтижесі бойынша Consulting and Training Centre KEY президенті, профессор Владимир Какуриновпен "6М072400 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар" және "6М072800 – Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы" мамандықтары бойынша білім алатын ҚазҰАУ магистранттары үшін "Гигиеналық жасалым (жобалау) және дизайн" атты білім беру траекториясын жасау қажеттігі жайлы келісімге қол жеткізілді.
Тренинг аяқталғаннан соң тыңдаушылар қорытынды емтиханды сәтті өткізді және оның қорытындысы бойынша Еуропалық гигиена және дизайн ұйымының (EHEDG) Куәлігін алды.

 
"Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі"
кафедрасының меңгерушісі Мамаева Лаура Асильбековна
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты