Құрметті әріптестер, білім алушы жастар! - Казахский Национальный Аграрный Университет
Университет перешёл на дистанционное образование
Новость #1997 Статистика

Құрметті әріптестер, білім алушы жастар!

Баршаңызды Жыл басы – Наурыз мерекесімен ізгі ниет, шынайы көңілмен құттықтаймын!

Шуақты көктеммен бірге келген Наурыз –  жаңару мен өркендеудің, ізгілік пен жақсылықтың нышаны, дәстүр-салтымыз бен азат рухымыздың айқын белгісі. 

Бақыт құсы тек ынтымақты елге қонады, бейбіт елде ғана береке болады.  Бақытымыз баянды, бейбітшілігіміз берекелі, келешегіміз жарқын болсын.

Биыл университетіміз 90 жылдық белеске көтеріліп отыр. Оқу орнымызда 90 пайыздан астам ауыл балалары білім алады. 

Біз бүгін мемлекет қойып отырған жаңа талаптар бойынша заман сұраныстарына бейімделіп, әлемдік деңгейдегі университет құру жолында стратегиялық міндеттерді еңсеріп келеміз.

Біздің мақсатымыз – ауылдан келген жастарға заманауи білім беріп қана қоймай, оларды бәсекеге қабілетті кәсіби маман ретінде дайындау, Ел мен Жердің қасиетін бағалайтын тұлға ретінде қалыптастыру.

Мәңгілік Ел болашағының іргесін бірге қалап, биік белестерді бірге бағындырайық!

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, білім, ғылым жолындағы ізденіске толы еңбектеріңізге жеміс, мол табыс тілеймін!

Ұлыстың Ұлы күні әр шаңыраққа нұрын сеуіп, Ұлы Даламызға ырыс-ынтымақ ала келсін!
 
 
Ізгі ниетпен:
Қазақ ұлттық аграрлық
университетінің ректоры, 

ҚР ҰҒА академигі 

Тілектес ЕСПОЛОВ
Читайте также Архив новостей