Құрметті әріптестер, АӨК ұйымдарының жетекшілері және ғалымдар! - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Университет перешёл на дистанционное образование
Новость #2041 Статистика

Құрметті әріптестер, АӨК ұйымдарының жетекшілері және ғалымдар!

Қазақстан-Жапон инновациялық орталығы (ҚЖИО) ашық түрдегі жетекші ғылыми-зерттеу орталығы және «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» КеАҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 

Орталықтың құрамына төрт ғылыми-зерттеу зертханасы кіреді: 1) инженерлік бейіндегі «Электронды микроскопия» зертханасы, 2) «Микробиологиялық қауіпсіздік», 3) «Жасыл биотехнология және клеткалық инженерия», 4) «Азық-түлік және экологиялық қауіпсіздік». 

Орталықтың инновациялық жабдықтар кешені іргелі, ізденіс және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге, халық шаруашылығының әртүрлі бағыттарындағы (биология, биотехнология, экология, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, ветеринария, санитария, тамақ өнеркәсібі, агрохимия, фармацевтика, медицина, сот-медициналық сараптама және т.б.) мемлекеттік және мемлекеттік емес тапсырыс берушілер үшін зерттемелерді енгізуге, орталықтың Зертханалары қызметінің бағыттары бойынша заңды және жеке тұлғаларға ақылы ғылыми және білім беру қызметтерін ұсынуға мүмкіндік береді.

Орталықтағы Зертханалардың тағы бір мүмкіндігі - мемлекеттік басқару органдар тапсырмасы бойынша сараптамалық бағалау жүргізу, атап айтқанда, ауылшаруашылық шикізаттары мен азық-түлік өнімдерінің бұрмалануы мен сапасын бағалауы бойынша.

«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 228-ОД бұйрығымен Орталық ҚР СТ ISO/IEC 17025-2018 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес аккредиттелген. Зертханалардың аккредиттеу жүйесіндегі біліктілікті бағалаудың сәтті өтуі, сәйкестікті бағалау саласында жұмысты тиімді орындауға мүмкіндік беретін кәсіби біліктіліктің негізгі дәлелі болып табылады. 
Зертханалардың аккредиттеу аясына кіретін тағамдық өнімдерді, жануарлар мен өсімдік тектес тағамдық шикізаттарды, жемді, суды сынау келесі көрсеткіштері бойынша жүргізіледі: ауыр металдарды (Cu, Zn, Ni, Pb, Cd, Co), микотоксиндерді, пестицидтердің, антибиотиктердің қалдық мөлшерін анықтау, май және май өнімдерінің май фазасының май қышқылдар құрамын газды-сұйықтық хроматография және жоғары ажыратымдылықты хромато-масс-спектрометрия әдісімен, физика-химиялық көрсеткіштері бойынша анықтау. Зертханалармен қолданылатын «Жасыл биотехнология және клеткалық инженерия»  жабдықтау әдістері ISAG ((InternationalSociety for Animal Genetics/Халықаралық жануарлар генетикасы қоғамы) ұсыныстарына сәйкес бірнуклеотидті полиморфизмді (SNPSingle Nucleotide Polymorphism) геномдық талдау әдісімен ірі қара малдың шығу тегін (әкелігін, аналығын) растау бойынша зерттеулер жүргізу үшін аккредиттелген. Өлшемді жүргізу әдістемесі (ӨЖӘ) Орталық қызметкерлерімен әзірленген  және «Қазақстан метрология институты» РМК Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өлшем жүйесінің тізілімінде тіркелген.

2017 жылдан бастап Зертхана Халықаралық жануарлар генетикасы қоғамының (International Society for Animal Genetics) институционалды мүшесі болды. ISAG 2018-2019 жж. халықаралық бағдарламалар аясында зертханааралық салыстырмалы сынақтар (ЗАСС) жүргізу кезінде - зертхана әлемнің 37 зертханасы құрамында болып, салыстыру сынақтарына қатысты. Ірі қара малдың (Bos Taurus) ISAG SNP ДНҚ-типтік халықаралық сынақ нәтижелері бойынша, «Жасыл биотехнология және клеткалық инженерия» зертханасының нәтижесі 100-98% құрады, бұл генотиптеудің абсолютті дәлдігінің бағалауы, SNP зерттеу әдісінің абсолютті дәлдігін дәлелдейді және зертхана қызметкерлерінің жоғары біліктілігін растайды.

Орталық қызметінің келешегіне экспорттық өнімдердің (мал шаруашылығы өнімдері, бал, астық және бұршақ дақылдары өнімдері және т.б.) қауіпсіздігі көрсеткіштері тұрғысынан аккредиттеу саласын кеңейту кіреді, сонымен қатар инновациялық зерттеу әдістерінің қолданылуын тексеру үшін провайдерға аккредитациядан өту жоспарлануда.
Біз барлық мүдделі ғылыми ұйымдар мен құрылымдарды, мемлекеттік органдарды, ЖОО-ды, агроөнеркәсіптік кешен салалық қауымдастықтарды және шаруашылық жүргізуші субъектілерді ынтымақтастық пен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарына шақырамыз.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты