Көжебеков Зайнулла Камалейұлы - Казахский Национальный Аграрный<br/> Исследовательский Университет

Университет перешёл на дистанционное образование
Новость #2408 Статистика

Көжебеков Зайнулла Камалейұлы

Жануарлар физиологиясымен патологиясы саласының ірі ғалымы, ұтқыр ұйымдастырушысы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ауылшаруашылық академиясының академигі Көжебеков Зайнулла Камалейұлы (1929-2009) Солтүстік Қазақстан облысының Мамлютка ауданында дүниеге келген.

1947 жылы Петропавл ауылшаруашылық техникумының ветеринарлық бөлімін бітіріп,  ветеринар-техник мамандығын алады. Одан кейін 1952 жылы Омск ветеринарлық институтын үздік бітіріп, мал дәрігері мамандығын алды.
 

Ізденістері мен еңбегінің нәтижесінде биология ғылымдарының докторы (1981), профессор (1981) Қазақ ауылшаруашылық академиясының академигі (1996), Қазақ КСР Жоғарғы мектебінің еңбегі сіңірген қызметкері (1971); Алматы зоотехникалық-ветеринарлық институтының оқу ісі бойынша проректоры (1961-1972), аталған институттың ректоры (1972-1983) патологиялық физиология, токсикология және фармакология кафедрасының меңгерушісі (1984-1986), Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринарлық институтының директоры, сонымен қатар өлкелік эпизоотология бөлім меңгерушісі (1986-1997), ҚазАШҒА вице-президенті (1991-1995), Қазақ КСР ХІІ шақырылымының Халық депутаты, ғылым және халыққа білім беруді дамыту мәселелері бойынша комитет мүшесі (1990-1993) ретінде ғылымға ерен еңбек сіңірген зерделі ғалым, зиялы тұлға. 1979 жылдан 2009 жылға дейін ҚазВҒЗИ құрметті директоры болды.

Ғылыми-педагогикалық, қоғамдық қызметтері және ғылым мен білімге сіңірген еңбегі үшін көптеген медаль, ордендер, құрмет грамоталармен марапатталған.

Өнегесі мол ғалым Зайнулла Камалейұлы өзіндік ғылыми мектеп қалыптастырған тұлға. Бүгінгі күні зерделі ғалымның шәкірттері еліміздің ауылшаруашылық саласында өнімді еңбек етіп келеді.
 
Читайте также Архив новостей