Көрнекті ұстаз-ғалым Рахымжан Елешев 80 жаста! - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1093 Статистика

Көрнекті ұстаз-ғалым Рахымжан Елешев 80 жаста!

        2018 жылдың 27 қазан күні сағат 10.00-де Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Мәжіліс залында көрнекті агрохимик-ғалым, ұлағатты ұстаз, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының және Ресей ғылым академиясының академигі Рахымжан Елешевтің 80 жасқа толуына орай кеңейтілген Ғылыми кеңес отырысы өтеді.
Ғылыми Кеңес жұмысына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктері, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми-зерттеу институтарының басшылары, ауыл шаруашылығы саласының білікті мамандары, шетелдік ғалымдар, ҚазҰАУ оқытушы-профессорлар құрамы, ғалымның шәкірттері, білім алушы жастар қатысады. Ғылыми Кеңес модераторы ҚазҰАУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі Т.И.Есполов.

photo
Жиынға сондай-ақ, ҚР ҰҒА академигі С.Б.Байзақов,  Ресей ғылым академиясының академигі, В.Докучаев атындағы Топырақтану институтының директоры А.Л.Иванов, ҚР Ауыл шаруашылық академиясының академигі, Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының директоры А.С.Сапаров сынды ғалымдар қатысып, баяндама жасап,  Рахымжан Елешұлының аграрлық білім мен ғылымды дамытуға қосқан үлесі мен ғылыми еңібектерін талдайды.
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты