Қордай ауданының үздік түлектері ҚазҰАУ-де - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1463 Статистика

Қордай ауданының үздік түлектері ҚазҰАУ-де

05 сәуірде Жамбыл облысы, Қордай ауданының үздік 9-11 сынып оқушылары «Қалада бір күн» атты оқушылардың мамандық таңдаудағы танымдығын арттыру, тәрбие жоспары бойынша ғылыми-инновациялық, әлеуметтік-гуманитарлық орталықтарды аралау мақсатында, Қордай ауданының тумасы, «Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Қ.Алихановтың ұйымдастыруымен 30 оқушы, тәрбие ісі бойынша жауапты мектеп мұғалімдері Қазақ ұлттық аграрлық университетін аралады.
 
 
 

Университетке экскурсия барысында ҚазҰАУ 90 жылдық тарихын, музей экспонаттарын, естелік сыйлықтары мен университет жетістіктерін, құрметті қонақтар мен университет мақтанышы болған түлектердің суреттерін, студенттер жетістігін музей меңгерушісі А.Қалыбай түсіндіріп, дәстүрлі қонақтар тілектерін қалдыратын альбомға қолтаңбаларын қалдырып, 90 жылдыққа орай түсіріліп жатқан видеофильмнің бір кадрына өз ықыластарын білдірді.
 

Қазақстан-Жапон инновациялық орталығында заманауи қондырғылар мен үздік технологияларды, тағам қауіпсіздігі, микробиология, ветеринария, гендік инженерия саласындағы университет ғалымдарының жетістігін - орталық директоры Нургалиева М.Т., Микробиология зертханасының ғылыми қызметкері Слямова А., Жасыл биотехнология және торшалық инженерия зертханасының меңгерушісі Жансеркенова О.О. оқушыларға қарапайым тілмен түсіндіріп, мамандық таңдауда ЖОО материалдық-техникалық базасын айқындау, болашақ маманның білім алуына, бәсекеге қабілеттілігін арттыруда, жұмысқа орналасуда қаншалықты маңызды екенін атап өтті. 
 
 

Сондай-ақ, Білімгерлер контингентін қалыптастыру институтының директоры, ф.-м.ғ.к., қауымд.профессор Әлдібаева Л.Т. оқушыларға ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша ҚР БжҒМ жаңалықтары мен өзгерістер  және университеттің білім беру бағдарламалары туралы толық, жан-жақты  ақпаратпен таныстырды. Сонымен қатар оқушыларға университет туралы видеороликтер көрсетіліп, жарнамалық материалдар таратылды. 
 

 
Орындаушылар: «Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасының ПОҚ
және «Білімгерлер контингентін қалыптастыру» институты директоры мен қызметкерлері
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты