Кітап - өмір ұстазы - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1882 Статистика

Кітап - өмір ұстазы

Аг-102қ, Аг-201Қ топ студенттерімен бірге Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасына экускурцияға барып кітаптар қорымен танысып қайттық.

1910 жылы 31 желтоқсанда құрылды. Кітапхана қорында әлем халықтарының әр тілдерінде 5 831 812 сақтау бірлігін құрайтын әмбебап жалпыұлттық әдебиеттер жинағы сақталады. Қор жыл сайын 100 мың данаға толықтырылып отырады. Күн сайын кітапханаға 3 мыңға жуық оқырман қатынайды. Оқырмандарға 1 жылда 2 миллионнан аса құжат беріледі. Оқырмандарға 15 оқу залы қызмет көрсетеді (жалпы және 14 мамандандырылған). Олар 1500 адамға бір мезгілде қатар қызмет көрсетуге есеп  телген.
 

Кітапхананың алғашқы директоры – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Жандосов. Ол кітапхана қызметінің негізгі міндеті ретінде «Қазақстан туралы және қазақ тіліндегі барлық баспа басылымдарын жинақтау» туралы мәселе көтерді. Кітапхана осы кезден бастап бүгінгі күнге дейін қазақ халқының және Қазақстанның басқа халықтарының жазба мәдениетін жинақтап, сақтаушы мемлекеттік ұлттық кітап қоймасы қызметін атқарып келеді. 
 
Оқу залдарында негізгі кітап сақтау және қосалқы қорлардан әдебиет беріледі, соның ішінде сирек кітаптар мен қолжазбалар, карталар, ноталар, дыбыс жазбалары, электронды басылымдар топтамалары да бар. Экускурция барысында қалай кітап қарауға болатынын жетекші манамндар көмегімен үйрендік. Өзімізге қажетті кітаптар қорын қарадық, сондай-ақ Әзілхан Нұршайқовтің музейімен танысып араладық.


Ұйымдастырушылар
Тұрғанбай Г., Есенбаева Ж. М.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты