Халықаралық семинар-практикумы - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1822 Статистика

Халықаралық семинар-практикумы

2019 жылдың 25 қарашасында Алматыда «Құстарды зертханалық диагностикалау және ветеринария жұмысының құралы ретінде өзіндік өндірістік зертхананы құру аспектілері» атты халықаралық семинар өтті.

Кафедраның ассистенттері, PhD докторанттары да семинарға қатысты.
Семинарда шетелдік сарапшылар клиникалық ветеринарлық медицина, екпелердің профилактикасы және зертханалық диагностика саласындағы көп жылдық тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу барысында:
- әртүрлі экономикалық маңызды аурулары бар құстардың патологиялық өзгерістері;
- құстардағы вакциналық профилактиканың заманауи схемалары;
- құстардың ауруларын зертханалық диагностикалау саласындағы әлемдік стандарттар;

Сонымен қатар, семинарда Гамборо ауруын диагностикалауға арналған тестілеу жүйесін көрсету өткізілді. Семинар ветеринарлар үшін де, серологтар үшін де, зауыт иелері мен директорлар үшін де өте пайдалы болды. Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар табысталды.
 
 

Орындаушылар
«Ветеринариялық санитариялық сараптау» ПОҚ кафедрасы
Шамгунов Н., Айдарбекова А., Барахов Б.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты