Халықаралық Қысқы мектеп 2018 - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Университет перешёл на дистанционное образование
Новость #816 Статистика

Халықаралық Қысқы мектеп 2018

22.01 ден 03.02.2018 ж. аралығында ҚазҰАУ-де Халықаралық Қысқы мектеп өтті. "Орман, жер ресурстары және фитосанитария" факультетінде "Табиғи ресурстарды басқару" білім беру бағдарламасы бойынша өткізілді. "Жер ресурстары және кадастр" кафедрасы осы білім беру бағдарламасы бойынша қатысты. Оған қатысу үшін Жерге орналастыру мемлекеттік университетінің профессоры Нилиповский В. И. (Мәскеу, Ресей) және Жерге орналастыру мемлекеттік университетінің (Мәскеу, Ресей), Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Қазақ ұлттық аграрлық университетінің докторанттары мен магистранттары келді.

photo

photo
photo
Профессор Нилиповский В. И. және "Жер ресурстары және кадастр" кафедрасының профессорлары Бегманов А. С., Мирзадинов Р. А., Пентаев Т., Бектанов Б. К., Мурсалимова Э. А. сабақтарын "Табиғи ресурстарды басқару" білім беру бағыты бойынша өткізді.
Қысқы мектепке қатысушылар  шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)", "Азаматтарға арналған Үкімет" "Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру"АҚ және "Ғылыми картографиялық-геодезиялық қорда" болып олармен танысты.

photo
photo
photo
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты