Хакім Абай адамзаттың ақыл-ой алыбы - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Университет перешёл на дистанционное образование
Новость #1967 Статистика

Хакім Абай адамзаттың ақыл-ой алыбы

«Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен «Хакім Абай адамзаттың ақыл-ой алыбы» атты 1-курс студенттерінің арасында байқау өтті.
Байқауға қатысуға 33 үміткер ниет білдіріп, 19 студент іріктеуден өтті.  Әр қатысушы Абай  Құнанбайдың өлеңдерін қазақ, орыс, француз және неміс тілдерінде орындады. Әр өлеңнің тақырыптық мазмұнына қарай презентациялық көрсетілім қатар жүріп отырды. 

Байқау екі  кезеңнен тұрды. Бірінші  кезең - «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»- Абайдың шығармаларын мәнерлеп оқу. Ал екінші кезең - «Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда», қатысушылардың ақыл- ойларының жүйріктілігіне байланысты болды. Бірінші кезең аяқталғаннан кейін, ұпай санын көп жинаған қатысушылар екінші кезеңге жолдама алды. Екінші кезеңде студенттерге ұлы ақынның өмірбаянын және шығармашылығына байланысты сұрақтар қойылып, қара сөздерінің мән-мағынасын түсіндіріп берді. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша өз білімдерін ерекше көрсеткен төмендегі студенттер жеңімпаз атанды.
 

1- орын. «Технология және биоресурстар»  факультетінің 1-курс студенті Рамазанова Баян ( Жетекшісі: Г.Ж.Ахантаева), «Су,орман және  жер ресурстары »  факультетінің 1-курс студенті Мақсұт Қарақат ( Жетекшісі: Р.А.Сауранбаева).
 
2-орын. «Ветеринария»  факультетінің 1-курс студенті Жақсылық Жансая.
( Жетекшісі: Ж.А.Алдибекова). «Агробиология»  факультетінің 1-курс студенті Отар Аружан ( Жетекшісі: А.С.Арғынбаева)
 
3- орын. Сағынбай Раулан «Ветеринария»  факультетінің 1-курс студенті,
Байгонақ Дина «Су,орман және жер ресурстары» факультетінің 1-курс студенті ( Жетекшісі: А.К.Нуркасымова)

Байқау соңында кафедра оқытушылары мен студенттері Абай Құнанбаевтың "Көзімнің қарасы" әнін шырқады.  
            
             
Қазақ және орыс тілдері
кафедрасының аға оқытушылары 

Г. Ж. Ахантаева, Ж. А. Алдибекова
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты