ҚазҰАЗУ жоғары мәртебе иесі - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті
Университет қашықтықтан білім беруге көшті
Новость #2204 Статистика

ҚазҰАЗУ жоғары мәртебе иесі

Қазақ ұлттық аграрлық университеті жүйелі жұмыс нәтижесінде 2018 және 2019 жылдары  9 халықаралық және Ұлттық рейтингте лайықты орын алып, өткен жылы QS әлемнің үздік университеттері рейтингінде 651-орынды иеленді. 2020 жылы университет үлкен серпіліс жасады және 60 орынға көтеріліп, 591 орынға ие болды және ТМД аграрлық жоғары оқу орындары арасында көшбасшы болып келеді.

 Әлемдік деңгейдегі университетімізге үстіміздегі жылдың 23 қыркүйегінде Үкімет қаулысымен «Ұлттық зерттеу» мәртебесі берілді. Университетіміздің ректоры академик Т,И.Есполов айтқандай әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті болу үшін  негізгі үш факторға көңіл бөлу керек. Бірінші - талантты ғалымдарды тарту. Екінші  -  қажетті ресурстарды шоғырландыру. Содан кейін тиімді менеджментті қолдану.

Бүгінгі таңда университеттегі Агрохабтың құрамында 7 ҒЗИ, 8 инновациялық орталық, халықаралық агенттіктермен аккредиттелген 31 зерттеу зертханасы жұмыс істейді, олар ЖОО, ҒЗИ және агроқұрылымдардың ғалымдарымен тығыз байланыста  жұмыс жүргізуде.

2019 жылы Қазақстанның үкіметтік делегациясының Нидерланд Корольдігіне сапары кезінде аграрлық мамандықтар бойынша QS әлемдік рейтингісінде нөмірі 1 жоғары оқу орны болып табылатын Вагенинген университетімен (WUR) меморандумға қол қойылды.

Қазақстанда алғаш рет университетте "Вагенинген-Қазақстан" институты ашылды, онда WUR білім беру бағдарламалары бойынша 100 маман дайындалады: "ветеринариялық-тамақ қауіпсіздігі және технология", "өсімдіктер және технологиялар туралы ғылым".

Учхоз базасында "ақылды жылыжай" салу үшін корей қорынан 1,5 млн АҚШ доллары сомасына инвестиция тартылды. Оңтүстік Корея ғалымдарымен Алматы қаласының "Алматы алмасы" символын қалпына келтіру және "Павловния"ағашын отырғызу жұмыстары басталды.

Қазақстан-Беларусь агроинженерлік инновациялық орталығы 75 бірлік ауыл шаруашылығы техникасымен толықтырылды, ол оқу-тәжірибе шаруашылығы алқаптарында жұмыс істейді. Машина сынау станциясын, эксперименттік полигонды және басқа да объектілерді құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Университет ректорының тапсырмасы бойынша 2019 жылы Агрономия кафедрасы "Саймасай" оқу-тәжірибелік шаруашылығында егіншілік және өсімдік шаруашылығы бағыты бойынша агротехнологиялық парк құрды. Оның міндеттері:  ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын ұлғайтуды және еңбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз ететін егіншілік  және  өсімдік шаруашылығы жүйесінде инновациялық агротехнологияларды қолдану; ауыл шаруашылығы дақылдарының отандық және шетелдік селекциясының жаңа жоғары өнімді сорттары мен будандарын бейімдеу және енгізу; ауыл шаруашылығы процестерін цифрландыруды енгізу және ; жерді қашықтықтан зондтау аппараттары мен нақты егіншілік жүйесі үшін деректер базасын құру;

Агроинновация және экология ҒЗИ ғалымдары ҚР АШМ МБҚ және ҚР БҒМ ГҚ  2021-2023 жылдарға арналған бағыттары  бойынша 3 ғылыми бағдарлама мен 13 ғылыми жоба дайындады: агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі; табиғи, оның ішінде су ресурстарын ұтымды пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар; өмір және денсаулық туралы ғылымдар.
 

2019 жылдың қорытындысы бойынша университет  ғалымдары  800-ден астам мақала жариялады, олардың 26% - ы Thomson Reuters және Scopus компаниясының деректер базасына кіреді. Университет ТМД аграрлық жоғары оқу орындары арасында Web of Science Жариялау белсенділігі бойынша Ғылым көшбасшысы болып танылуда.

Осылайша университеттің ғылыми-зерттеу және инновациялық дамыған әлеуеті университетімізді әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігінде танымал жасады.

Үстіміздегі жылдың қазан айының 1 жұлдызында Елбасы,  Қазақстанның тұңғыш президенті  Н Ә Назарбаевтың қабылдауында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры   болғанда университеттің отандық аграрлық сектор үшін жоғары білікті мамандар даярлау бойынша жүргізіп жатқан жұмысы, инновациялық технологияларды енгізу және аграрлық ғылымды дамыту мәселелеріне  тоқталды Сонымен қатар Қазақ  үлттық аграрлық университетіне зерттеу университеті мәртебесі берілгені жөнінде мәлемдеді. Осы айтылған қуаныштарға орай  біздің альма матердің барлық қызметкерлерін, студенттері мен түлектерін шын жүректен құттықтаймыз! Сондай-ақ, бұл мәртебе үлкен жауапкершілікті жүктейді.

Тәжерибесі мол басшымыз, академик Есполов Тілектес Исабайұлы бастаған біздің  ұйымшыл және еңбекқор ұжымымыз мұны ғана емес, басқа да маңызды істерді еңсеретініне сенімдімін. Өз кезегінде,біздің агробиология факультетінің Агробиология және экология ҒЗИ және Агрономия кафедрасының ұстаз- ғалымдары осы мақсатты шешу жолында университетіміздің  болашақ жеңістеріне бар күш-жігерін салады.
 
Кененбаев С.Б.доктор с.-х. наук профессор академик НАН РК
Калдыбаев С.К.доктор с.-х.наук профессор академик АСХН РК
 

Орындаған: Жанбырбаев Е.А
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты