ҚазҰАУ-не HAS университетінен делегация келді - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #918 Статистика

ҚазҰАУ-не HAS университетінен делегация келді

Сәуірдің 17-18 күндері HAS университетінің (Хертогенбос қ., Нидерланды)  делегациясы Қазақ ұлттық аграрлық университетіне келді. Ғалымдар мен студенттерді қамтыған делегациясының келу мақсаты – ауылшаруашылық білім беру жүйесінің қызметі және өндірісімен танысу.
Ғылыми жұмыстар және интеграция жөніндегі проректор, профессор Есенбай Исламов қонақтарды қарсы ала отырып, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің тарихы мен құрылымына тоқталып өтті. Сонымен қатар, жоғары оқу орнының білім беру жүйесіне, ғылыми зерттеулеріне және халықаралық байланысына көңіл бөліп, университеттің келешек жоспарлары мен негізгі жетістіктері туралы айтты.

photo
photo
Өз кезегінде HAS университетінің тұрақты даму және білім беру сұрақтары бойынша үйлестіруші Жаннет Ван де Стеег ҚазҰАУ-не жылу қабылдау көрсеткеніне алғысын білдіре отырып, өз оқу орындары жөнінде қысқаша тоқталып өтті.
Нидерландыдағы HAS университеті агроөнеркәсіптік кешен, азық-түлік өндірісі және қоршаған ортаны қорғау саласында маманданған «жасыл» университет ретінде белгілі.

photo
photo
Есенбай Исламов HAS университетіне ресми сапармен келгені үшін ректор атынан алғыс айтып, екікүндік экскурсия мазмұнына шолу жасады. Делегация университетің Музейіне барып, Ситуациялық орталықтың, Қазақ-Жапон инновациялық орталықтың, Қазақ-Беларусь агроинженерлік орталықтың, Су орталығының, Инновациялық жылыжайдың, Қазақ-Корей инновациялық орталықтың, Агротехнологиялық хаб сияқты инновациялық орталықтар мен зертханалардың жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, «Байсерке-Агро» ғылыми-өндірістік оқыту орталығы мен Есік мемлекеттік дендрологиялық саябаққа да барып қайтты.
 
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Суреттерді түсіргендер: М.Ботабеков, Г.Әділхан.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты