ҚазҰАУ-ға АДБ директорлар кеңесі келді - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1033 Статистика

ҚазҰАУ-ға АДБ директорлар кеңесі келді

      Жақында Қазақ ұлттық аграрлық университетіне Азия Даму Банкінің Директорлар кеңесінің мүшелері келді. Кеңес құрамында Крис Пандай (Kris Panday) – АДБ атқарушы директоры (Канада, Дания, Финляндия, Ирландия, Нидерланды, Норвегия, Швеция өкілдіктері), Филип Роуз (PhilipRose) – АДБ атқарушы директоры (Австрия, Германия, Люксембург, Турция, Великобритания өкілдіктері), Джованни Капаннелли – АДБ-ның Қазақстандағы өкілдік директоры болды. Шараны Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы Агротехникалық хаб ұйымдастырды.
Делегацияны университеттің Бірінші проректоры, академик Қанат Тіреуов қабылдады. Басқосуда АДБ директорлар кеңесі мүшелерімен Қазақстанмен және Қазақ ұлттық аграрлық университетімен ыцнтымақтастық жайы, еліміздегі ауылшаруашылық саласы және су ресурстарын басқару мәселелері жайы талқыланды. Жиында ғалымдарымыз ҚазҰАУ мен Агрохаб қызметі жайлы презентацияларын ұсынды.

photo
photo
Қазақ ұлттық аграрлық университеті еліміздегі су ресурстарын басқарудың бірқатар проблемаларын көтеріп, ауылшаруашылығында су пайдаланудың тиімділігін арттыру және ауа-райының өзгеруіне бейімдеу мәселелерімен жұмыс істеп келеді. АДБ өкілдіктерінің қатысуымен Қазақстандағы су ресурстарын басқарудың тиімді және тұрақты кешендік жүйесін және басқару технологияларын енгізу жайын талқыланған жиындарды бірнеше реет ұйымдастырды. Нәтижесінде өткен жылы университетте «Қазақстандағы су ресурстарын кешенді басқару бойынша білім орталығы» құрылды.
АДБ мен ҚР арасындағы ынтымақтастық ұзақ жылдарды қамтиды. АДБ мен Қазақ ұлттық аграрлық университеті ауыл шаруашылығы және су ресурстарын басқару мәселелерін тұрақты талқылап, АДБ жобалар аясында инфраструктураны модернизациялау,  қажетті сапалы қызмет көрсетушілерді қаржыландыру жағын қамтамасыз етіп келеді.

photo
photo
Шара соңында қонақтар Қазақ ұлттық аграрлық университетінің базасындағы заманауи Агротехнологиялық хаб, соның ішінде Қазақстан-Беларус агроинженерлік инновациялық көрсетілім алаңы, Қазақстан-Жапон инновациялық орталығы, Оқу-тәжірибелік бақ, Инновациялық Су орталығы және Инновациялық жылыжай жұмысымен танысты.
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Фото:М.Ботабеков
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты