ҚазҰАУ-ға АҚШ-тың Висконсин штаты делегациясының өкілдері келді - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Университет перешёл на дистанционное образование
Новость #602 Статистика

ҚазҰАУ-ға АҚШ-тың Висконсин штаты делегациясының өкілдері келді

Қазақ ұлттық аграрлық университетін АҚШ-тың Висконсин штатының Фермерлер Бюросы Федерациясының жетекші әкімшісі Дейл Бити, Висконсин округтерінің Қауымдастығын қолдау жөніндегі менеджері Джон Хокхаммер,  Мадисондағы Висконсин университетінің қоғамдық ресурстары бойынша агенты, доцент Гэри Киркинг бастаған делегация келді. Қонақтар университетіміздің ғалымдарымен бірлескен ынтымақтастықты талқылады.
Кездесуде ҚазҰАУ бірінші проректоры Тіреуов Қ.М. университет қызметінің негізгі бағыттары, жетістіктері мен табыстары туралы айта отырып, алғысөз бастады. «Біз сіздердің ҚазҰАУ-мен бірігіп қызмет ету ниетіңізді ерекше бағалаймыз. Біздің университет ғылыми және білім беру жобаларын әзірлеу бойынша бірлесіп қызмет етуге және қауымдасуға дайын», - деп атап өтті Тіреуов Қ.М.
АҚШ делегация өкілдері ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша өзара әрекеттесуге дайын екендіктерін білдірді. Атап айтқанда, Дейл Бэйти Висконсин штатының фермер қожалықтары федерациясының тәжірибесімен бөлісті. Дейл әкімші ретінде Висконсин штатының фермер қожалықтарының күнделікті қызметін басқарады және басшылықты бақылайды. Висконсин штатының фермер қожалықтары бюросы – 46 000 мүшелері бар ең ірі фермерлік ұйым.

photo
photo
Кездесу барысында тараптар ҚазҰАУ негізінде Американдық орталығын құру туралы егжей-текжей талқылады. Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар университеттегі ғылыми жобаларды коммерцияландыру, біліктілікті арттыру сияқты және т.б. мәселелер бойынша өз ойларымен бөлісті.
Делегация ҚазҰАУ-нің Қазақстан - Жапон инновациялық орталығын, Агротехнологиялық ХАБ-на аралап, жұмыстарымен танысып шықты.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты