ҚазҰАУ-дың ісмерлері «Құрақ көрпе» акциясына қатысты - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1037 Статистика

ҚазҰАУ-дың ісмерлері «Құрақ көрпе» акциясына қатысты

       Алматының қала күні мерекесінде ҚР Бірінші Президенті саябағында ең ұзын құрақ-көрпе тігіліп,  Гиннестің  әлемдік рекордтар кітабына енді. Мегаполис шаһардың қоғамдық, мәдени іс-шараларына белсенді түрде атсалысатын Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттері де осы шарадан шет қалмады. Қала тұрғындары, жоғары оқу орындары мен колледждер студенттері қатарында университетіміздің білім алушылары да ісмерлікпен өз өнерлерін ортаға салды. Ұлттық саябақта төселген 10 900 метр құрақ көрпенің 25 метрін «Алтын оймақ» қолөнер шеберлері клубының мүшелері дайындаған.  
Құрақ көрпе университетіміздің «Алтын оймақ» қолөнер шеберлері наурыз айынан бастап кірісіп, Алматының қала күніне 2,5 метрден 10 құрақ көрпе (25 метр) ұсынды. Жұмыс оқу орнының Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры  Жанар Дауренбаева мен Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры Бану Тургумбаева, «Алтын оймақ» қолөнер шеберлері клубының жетекшісі Айгүл Туралиеваның ұйымдастыруымен жүргізілді.
 
photo   photo
photo   photo

Құрақ көрпе университетіміздің Толқынай Байсабекова басқаратын «Ұлттық киімдер дизайн студиясы» оқу-өндірістік шеберханасында жасалды. Жұмыс нәтижесі жайында клубтың 20-ға тарта  мүшелерінің қатарында «Гидротехника, мелиорация және энергетика» факультетінің студенті Ақтолқын Ақылбекова өз ойын былай білдірді: «Бізге осы құрақ көрпе акциясы қатты ұнады.

photo   photo
photo   photo

Мұны ұлтымыздың қолөнерін, салт-дәстүрін жаңғырту, дамыту деп білеміз. Бүгін бірлесіп жасаған жұмысымыздың жемісін көріп отырмыз. Осындай қазақи салт-дәстүріміз насихатталатын игі шаралар көп болса дейміз. Біз – Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттері өнерімізді сан қырынан көрсетуге қабілеттіміз».
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Фото: М.Ботабеков,
С.Құсайын
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты