ҚазҰАУ-де мәнерлеп оқу сайысы - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1663 Статистика

ҚазҰАУ-де мәнерлеп оқу сайысы

     «Абай әлем тілдерінде» атты  ұлы ағартушы және қазақ халқының ақыны Абай Құнанбаевтың шығармаларын мәнерлеп оқу байқауы.   Бұл ALQA қоры мен Қазақ ұлттық аграрлық университетінің бірлескен іс-шарасы. Байқау 2019 жылдың 15 қазанынан 15 қараша аралығында болады. Оған Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады.
       Байқау екі кезеңнен тұрады: іріктеу 15 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді, бұл кезеңде қатысушылар мемлекеттік және шетел тілдерінде бейнежазба әзірлеп, мәнерлеп өлеңдер оқиды, ал ақтық кезең 15 қараша айында өтеді. Бұл кезеңде үміткерлер Қазақ Ұлттық Аграрлық университетіне шақырылады.
       Байқаудың басты мақсаты - кітап оқуды насихаттау, сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті арттыру, идеялық және мәдени құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерге негізделген жан жақты тұлғаны қалыптастыру.
      Байқау шартына сәйкес, жеңімпаздарды марапаттаумен қатар ,  "ALQA Foundation" қорының ынталандыру сыйлықтары тағайындалады.
      Қазылар алқасының құрамында <<ALQA Foundation>> Халыкаралык мәдени қорының президенті А.Танжарықова, сонымен қатар Қазақстан Республикасының танымал суретшілері,филологтары мен аудармашылары бар.
    Мәдени құзыреттілікті қалыптастыруда мәнерлеп оқу маңызды рөл атқарады. Бұл ретте техникалық, табиғи-ғылыми немесе әлеуметтік-гуманитарлық мәтіндер тұлғаның зияткерлік саласын дамытады. Ал көркемдік мәтін адамгершілік және эстетикалық дамуға әсер етеді.
     Студент жастарды,біздің көрнекті ақындарымыз бен әдеби сөз шеберлерінің шығармаларына бей-жай қарамайтын,сонымен қатар поэтикалық сөз арқылы өзінің даралығын шебер көрсете алатын талантты жастарды шақырады.
     Құрметті студенттер,сіздерді университетімізде күтеміз!
 
Член Оргкомитета конкурса
Ускенбаева Б.А.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты