ҚазҰАУ-да ТМД-ның жетекші аграрлық жоғары оқу орындары ректорлары Кеңесінің отырысы мен «Халықаралық жазғы мектеп –ISAS-2018» шарасы өтуде - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Университет перешёл на дистанционное образование
Новость #992 Статистика

ҚазҰАУ-да ТМД-ның жетекші аграрлық жоғары оқу орындары ректорлары Кеңесінің отырысы мен «Халықаралық жазғы мектеп –ISAS-2018» шарасы өтуде

        2018 жылдың 15 маусым күні Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ТМД-ның жетекші аграрлық жоғары оқу орындары ректорлары Кеңесінің кезекті отырысы мен  «Халықаралық жазғы мектеп- ISAS – 2018» шарасы өтуде.
Кеңес жұмысына ТМД-ның 10 елінен келген 20-дан аса жоғары оқу орнының ректорлары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ғылыми-зерттеу институттарының директорлары, эксперименттік-тәжірибелік шаруа қожалықтарының, білімдерді тарату орталықтарының басшылары, ҚР Ұлттық ғылым академиясы, «Ұлттық аграрлық ғылым-білім беру орталығы» КеАҚ өкілдері,  Қазақстанның жетекші аграрлық жоғары оқу орындарының ректорлары, белгілі ғалымдар, ауыл кәсіпкерлері қатысып, өзара пікір бөлісіп, тәжірибе алмасуда.
Екі күнге жоспарланған Кеңес жұмысы барысында жаңа аграрлық мамандықтарды ашу және бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, агроөнеркәсіптік кешенде жаңа технологияларды әзірлеу және таратудың заманауи, тиімді және бәсекеге қабілетті жүйесін құру, әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану мәселелері талқыланбақ.

photo
photo
photo
photo

Маңызды басқосуды университет ректоры, академик Тілектес Есполов кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды. Университет басшысының айтуынша, кеңес жұмысында ТМД елдерінің агроөнеркәсіптік кешенінің инновациялық дамуында ортақ ғылыми әзірлемелер мен зерттеулерге үлкен мән берілуде. Атап айтқанда, Кеңес кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру және оларды қайта дайындау, ТМД жетекші аграрлық жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік бірлестіктерінің өзара қарым-қатынасын және басқа да халықаралық ұйымдармен байланыс орнату арқылы жоғары оқу орындардың өзара ынтымақтастығын ұйымдастыру аумағындағы жұмыстарды реттейді.
Аталған іс-шара аграрлық білім сапасын жаңа сатыға көтеріп, ортақ агроөндірістік кешен мәселелерін тиімді шешуге жол ашып, көптеген жобаларды бірлесіп атқаруға жаңа мүмкіндік бермек.
 
***
Дәл осы күні университетте «Халықаралық жазғы мектеп – ISAS -2018» шарасы Кеңес жұмысымен бірге басталды.
ISAS – 2018 Халықаралық жазғы мектебінің мақсаты – жаңа білім, тәжірибелік дағдыларды меңгеру, инновациялық технологиялар мен ғылыми зерттеу әдістерін игеру. Бағдарлама аясындағы дәрістерді, мастер-класстар мен дөңгелек үстелдерді отандық және шетелдік ғалымдардан құралған жоғары деңгейлі, білікті мамандар жүргізеді.
Магистранттарға жазғы мектепті өткізу, білімдерін жетілдіру және практикалық дағдыларды меңгеру үшін бірегей мүмкіндік беріледі. Бағдарламада оқушылар арасында кәсіптік және тұлға аралық құзыреттер құратын дәрістер, мастер-класстар және дөңгелек үстелдер бар.
Білім-ғылым кеңістігінде тәжірибе алмасу алаңына айналған жазғы мектеп бағдарламасы  келесі бағыттар бойынша өтеді: «Су ресурстарын басқару, «Жасыл экономика»,  «Ауыл шаруашылығындағы инновациялық технологиялар мен техникалық құралдар», «Табиғи ресурстарды басқару», «Өсімдік шаруашылығындағы агроинновация»,  «Ветеринария», «Биотехнология және тағам қауіпсіздігі».

photo
photo
photo
photo
Тәжірибелік сабақтар келесі орындарда өтеді: «Балқаш-Алакөл бассейнінің су ресурстарын пайдалануды және қорғауды инспекциялау» мемлекеттік мекемесі, «Бартоғай су қоймасы және Д.А. Қонаев атындағы Үлкен Алматы арнасы» РМК, «Алматы Су Холдингі» МКК, «Агроөнеркәсіптік кешен экономикасы және ауылдық елді мекендерді дамыту» ЖШС, «Алматы қаласының өңірлік ветеринариялық зертханасы» РМК, «NPC Antigen» ЖШС, «Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС, «Байсерке Агро» ЖШС, «Қазақ мал шаруашылығы және жем-шөп дайындау ҒЗИ» ЖШС, «КазҒЗИ Ауылшаруашылықты электрлендіру және электрлендіру» ЖШС, «Жұқпалы аурулар ғылыми орталығы» РМК, «Биологиялық қауіпсіздік мәселелері КазҒЗИ» РМК. Сондай-ақ Қазақ ұлттық аграрлық университетінің қазақ-жапон, қазақ-корей, қазақ-белорус агротехникалық, су және басқа да инновациялық орталықтары. Жазғы мектептің жұмысына қатысуға агроөнеркәсіптік кешеннің белсенді ғалымдары шақырылды.

photo
photo
photo
photo
photo
Жазғы мектеп өз жұмысын 2018 жылдың 29 маусымында қорытындылайды. Жұмыс тілі –ағылшын тілі.
Екі шараға арнайы келген шетелдік қонақтар университеттің ғылыми әлеуетімен танысып, оқу орны базасындағы Агротехнологиялық хаб құрамына кіретін заманауи зерханалар мен ғылыми орталықтарды аралап көрді.
Қонақтар сондай-ақ университет жанындағы «Н.Назарбаев білім және ғылым орталығының» жұмысымен және «Аграрлық білім-ғылым-өндіріс интеграциясы» көрмесімен, университеттің жалпы оқу-ғылыми инфрақұрылымымен танысып, оқу орнында атқарылып жатқан инновациялық жұмыстарға оң баға берді.
 
 
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Суреттерді түсірген М.Ботабеков, Г.Әділхан
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты