ҚазҰАУ-да «Халықаралық қысқы мектеп-2019» шарасы басталды - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1329 Статистика

ҚазҰАУ-да «Халықаралық қысқы мектеп-2019» шарасы басталды

2019 жылдың 11 ақпанында Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Халықаралық қысқы мектеп-2019» шарасының басталуына орай мәжіліс өтті. Жиынды университет ректоры, ҚР ҰҒА вице-президенті, академик Есполов Тілектес Исабайұлы кіріспе сөзбен ашып, Қысқы мектептің маңыздылығына тоқталып, қазақстандық және шетелдік ғалымдардың, осындай маңызды шараға қолдау танытқандарына ризашылығын білдірді.  Шараның басты мақсаты – жастарды  әлемдік білім-ғылым кеңістігіндегі жаңа технологияларға үйрету,  білікті ғалымдармен байланыс орнату.
Халықаралық қысқы мектеп бағдарламасы – студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың жаңа білім мен тәжірибелік дағдыларды, инновациялық технологиялар мен ғылыми зерттеу әдістерін игеруге жаңаша мүмкіндіктер береді.
 
 
 

Қысқы мектеп оқытушыларының халықаралық командасы жоғары деңгейдегі мамандардан құралған. Бағыттар бойынша жетекшілер отандық және шетелдік ғалымдар, өнеркәсіптік зерттеу институттары мен өндіріс өкілдерінен тұрады. Бағдарламада арнайы дәрістер, мастер-класстар және дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады.
         Жиында шетелдік ғалымдар Қазақ ұлттық аграрлық университетінің бүгінгі күні атқарып отырған нәтижелі жұмыстарына оң баға беріп, жас ғалымдарға жасалып отырған қамқорлықтың мемлекеттік деңгейеде қолға алынғаны ерекше атап өтті.
Олар:
Василий Иванович Нилиповский – профессор, Жерге орналастыру Мемлекеттік университетінің халықаралық қатынастары проректоры, Ресей.
Атте Вон Райт Йоханнес – Шығыс Финляндия Университетінің профессоры.
Альберто Минелли – Болонья Университетінің профессоры, Италия.
Гуляйм Кесслер-Сейсенбаева – Уппсаль Университетінің профессоры, Швеция.
Ярослав Чорманский – Варшава Ауыл шаруашылық университетінің профессоры, Польша.
Мария Луиза Лопес Фернандес – Наварр Университетінің профессоры, Испания.
Ян Мичинский –Варминьско-Мазурско университетінің профессоры Польша.
Азкур Ахмет Курсат – Кириккале университетінің доценті,Турция.
Себастьян Лукаш Опалински– Вроцлав жаратылыстану университетінің доценті, Польша.
Джура Карагич – Ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, Дәндік және көкөніс дақылдары институты, Сербия.
Януш Антони Маевский – Познан жаратылыстану университетінің профессоры, Польша.
Мола Юдего Блас – Шығыс Финляндия Университетінің доценті
Валерий Петрович Чеботарев – Белорусия аграрлық техникалық университеті, Беларусь.
Розанна Авенто – Шығыс Финляндия Университетінің профессоры – қысқы мектеп аясында қазақстандық ғалымдармен пікір алмасып, жас мамандарға дәріс береді.
Қысқы мектеп сабақтары ағымдағы жылдың 11-23 аралығында 12 бағыт бойынша өтеді. Қысқы мектеп жұмысына әлемнің 10 мемлекеті мен Қазақстанның 14 аймақтық жоғары оқу орындарынан 300 тыңдаушы қатысуда.
 
 
 

Мектеп бағыттары бойынша сабақтар:
  • «Су ресурстарын басқару» мектебі.
Мектеп жетекшісі - Есполов Тілектес Исабайұлы.
Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Вице – президенті,
ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы,
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры
  • «Жасыл экономика» мектебі.
Мектеп жетекшісі - Тіреуов Қанат Маратұлы.
ҚР ҰҒА академигі,  экономика ғылымдарының докторы,
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры
  • «Табиғи ресурстарды басқару»  мектебі.
Мектеп жетекшісі - Байзаков Сабит Байзақұлы.
ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы,
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры
  • «Ветеринария»  мектебі.
Мектеп жетекшісі - Иванов Николай Петрович.
ҚР ҰҒА академигі, ветеринария ғылымдарының докторы,
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры
  • «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы»  мектебі.
Мектеп жетекшісі - Садықұлов Төлеухан Садықұлы.
ҚР ҰҒА академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры
  • «Мал шаруашылығы өнімдерінін сапасын басқару»  мектебі.
Мектеп жетекшісі - Омбаев Абдрахман Молданазарұлы.
ҚР ҰҒА академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, 
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры
  • «Агротуризм» мектебі.
Мектеп жетекшісі - Сулейменов Жеңіс Жұмағалиұлы.
ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы,
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры
  • «Тағам технологиясы» мектебі.
Мектеп жетекшісі - Оспанов Асан Бекешұлы.
ҚР ҰҒА академигі, техникалық ғылымдарының докторы,
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры
  • «Топырақтану және агрохимия»  мектебі.
Мектеп жетекшісі - Елешев Рахымжан Елешұлы.
ҚР ҰҒА академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры.
  • «Ауыл шаруашылығындағы инновациялық технологиялар және техникалық құралдар» мектебі.
Мектеп жетекшісі - Кешуов Сейтказы Асылсеитович.
ҚР ҰҒА академигі, техникалық ғылымдарының докторы,
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры.
  • «Өсімдік шаруашылығы өнімінің сапасын басқару» мектебі.
Мектеп жетекшісі - Кененбаев Серік Барменбекұлы.
ҚР ҰҒА академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры.
  • «Органикалық жеміс-көкөніс шаруашылығы» мектебі.
Мектеп жетекшісі - Айтбаев Теміржан Ерқасұлы.
ҚР ҰҒА академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры.
 
 
Тәжірибелік сабақтар университеттің ғылыми-инновациялық орталықтарында және агроөнеркәсіп орындары мен шаруашылықтарда өтеді.
Қатысушылар ҚазҰАУ-дың «Ізденістер, нәтижелер – исследования, результаты» ғылыми журналында ауыл шаруашылығы, ветеринариялық, биологиялық, техникалық және экономикалық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің өзекті мәселелері бойынша ғылыми мақалаларын жариялай алады.
Халықаралық қысқы мектеп-2019» шарасына қатысушы жас ғалымдар старт-ап жобалар байқауына қатыса алады. Үздік жобалар қысқы мектептің жабылу салтанатында арнайы марапатталады.
Қысқы мектептің ашылуынан кейін университетте Елбасының биылғы жылды «жастар жылы» деп жариялауына орай «Жас ғалымдардың отандық агроөнеркәсіптік кешенінің индустриалды-инновациялық дамуына үлесі» атты I-ші Халықаралық Форумы өтеді.
 
 
Дина Смағұлова, 
«Жеміс, көкөніс және жаңғақ шаруашылығы» 
кафедрасының оқытушысы,
ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі.

Суреттерді түсірген М.Ботабеков
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты