ҚазҰАУ жаңа оқу жылын бастады - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1030 Статистика

ҚазҰАУ жаңа оқу жылын бастады

       Ауыл шаруашылық саласында білім алатын болашақ мамандарға Қазақ ұлттық аграрлық университеті жаңа оқу жылына есігін айқара ашты.
Университеттің бас ғимараты алдында өткен салтанатты шарада сахнаға әскери ұландар ҚР Мемлекеттік Туын алып шығып, Әнұран орындалды. Мерекелік шараға жиналғандарды университет ректоры, академик Тілектес Есполов  Білім күнімен құттықтап, басталған оқу жылының табысты өтуіне ізгі тілегін білдірді.
 
photo photo
photo photo

Ректор өз сөзінде:
«90 жылдық тағылымды тарихы бар отандық ауыл шаруашылығы білімі мен ғылымының көшбасшысы – Қазақ ұлттық аграрлық университеті бүгінгі күні Ұлттық зерттеу университетіне трансформациялануды іске асырып, заман талабына сай жаңа бағытта дамуда. Бүгінгі күні университетіміз еліміздегі аграрлық-индустриалды білім мен  ғылыми-инновациялық серпілістің ошағына айналды.» – деп атап өтті.
Биылғы оқу жылына университетіміз бойынша 3000 адам оқуға қабылданды. Олардың ішінде 600-ден астам магистрант, 126 докторант, 50 «Алтын белгі» иелері бар.
Бұл  – бұрынғы жылдармен салыстырғанда өте жоғары көрсеткіш. Осының өзі  біздің университетке деген зор сенімнің уақыт өткен сайын артып келе жатқандығын көрсетеді.
 
photo photo
photo photo

Бірінші курс студенттерінің есінде осы күн ерекше қалу үшін шараны ұйымдастырушылар барынша қызықты әрі мазмұнды өткізуге тырысты. Білім шаңырағындағы өнерлі жастардан құралған топтың ұсынған мерекелік концерті университет табалдырығын алғаш аттаған жастар мен ата-аналарға, жалпы жиналған қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады. Бас ғимараттың алдында мерекелік көңіл-күй мен әсем әуен қалықтады.
Салтанатты шарадан кейін университет ректоры Тілектес Исабайұлы бірінші курс студенттерімен кездесу өткізді. Жиында оқу орнының басшысы білім мен тәртіп талаптары жайлы айта келіп, әр факультеттің жанынан жалпы университеттік ағылшын тілін оқытатын топтар ашылатынын хабарлады. Арнайы топқа қабылданатын студенттерді шағын әңгімелесу арқылы іріктеу жұмыстары сол сәтте басталыпта кетті.   
 
photo photo
photo photo
 
ҚазҰАУ-дың Баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген М.Ботабеков.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты