Қазақстан Жапон инновациялық орталығының қызметкері - АҚШ Огайо штатының мемлекеттік университетінің стипендиаты - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1695 Статистика

Қазақстан Жапон инновациялық орталығының қызметкері - АҚШ Огайо штатының мемлекеттік университетінің стипендиаты

Құлдыбаев Нұрлан Мэлисович, "Электронды микроскопия" инженерлік бейіндегі зертхананың ғылыми қызметкері, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің (Алматы, Қазақстан) Өсімдіктерді қорғау және Карантин мамандығының PhD докторанты, АҚШ-тың Огайо штатының Оңтүстік орталығында "Топырақ, су және биоэнергетикалық ресурстар" департаментінде шақырылған ғалым ретінде қысқа мерзімді 2 айлық тағылымдамадан өтті.
 

Тағылымдама бағдарламасы 2019 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында топырақ денсаулығы, дақылдар аурулары және биобақылау, топырақты сақтау, көпфункционалды жабынды дақылдардың көмегімен егістіктің әртүрлілігі, деректерді басқару / визуализациялау және деректерді өңдеу саласында тағылымдамадан өтушінің кәсіби дамуы мақсатында 8 аптаға есептелген. Нұрлан Мэлисович зертханалық және далалық зерттеулерге белсенді қатысты, және жақсартылған экожүйелік қызметтермен байланысты топырақты, суды, ауа мен өсімдіктерді жинау, өңдеу және талдаудың жаңа әдістерін зерттеді. Ол бірнеше кәсіби кездесулермен, семинарларды және Университет алаңы күндерін аралады.
 

Тағылымдама барысында Н. Құлдыбаев Огайо штатының Оңтүстік университетінің басшылығы д-р Том Уорлеймен сұхбатқа қатысты, онда Қазақстан Республикасының аграрлық ғылымының мақсаттары мен міндеттері талқыланды.  Сұхбатпен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://youtu.be/S0o1iQ7vhY
 

 
Тағылымдаманы "бірлескен институционалдық оқыту, Ауыл шаруашылығын зерттеу және дамыту арқылы АҚШ пен Қазақстанның ғылыми әлеуетін нығайту"атты гранттық жоба аясында халықаралық білім беру жөніндегі Американдық кеңес (ACIE) қаржыландырды. Доктор Рафик Ислам осы жобаның ғылыми жетекшісі болып табылады. Жобаға сондай-ақ Огайо штатының университет командасының мүшелері қатысты: Университеттің ауыл шаруашылық зерттеулер мен әзірлемелер орталығынан, жануарлардың денсаулығы бойынша зерттеу бағдарламасынан, профессор, Ренукарадхья Гурапура және  Халықаралық бағдарламалар бөлімінің, тағам, ауыл шаруашылық және экологиялық ғылымдар колледжінің бағдарламасының үйлестірушісі Бо Ингл мырза қатысты . Жобада Қазақстан тарапынан қауымдастырылған профессор, а. ш. ғ. к. Дутбаев Е. Б, Агробизнес кафедрасының меңгерушісі,  д-р Сәуле Ессенгазиева,  және  Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Биологиялық қауіпсіздік кафедрасының меңгерушісі, профессор, д-р Тулемисова Жанар Кеңесқызы қатысты.
 

 
 
Авторы статьи:
Р.Ислам, Кулдыбаев Н., Дутбаев Е.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты