Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы – ел болашағы үшін жасалған игі қадам - Казахский Национальный Аграрный Университет
Новость #1439 Статистика

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы – ел болашағы үшін жасалған игі қадам

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2019 жылдың 9-маусымында өтетіні туралы Үндеуін жариялады.
Бұл жауапты шешімді қабылдауда Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен ақылдасып, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беретінін айтты.
Барша қазақстандықтарды алдағы сайлауға барынша жауапкершілікпен қарауға шақырған Президент  Елбасымыз бастап берген сара жолды жалғастыруға тиіс екендігімізді атап өтті.
Бүгінгі таңда бейбітшілік пен тұрақтылықты, ынтымақ пен бірлікті нығай­тудың, қоғам мен мемлекеттің, еліміздің барша азаматтарының күш-жігерін жұмылдырудың маңызы зор. Осыған байланысты Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұжымы мерзімінен бұрын Президенттік сайлау өткізу бастамасын халық мүддесіне сай келетін ең дұрыс шешім деп санайды. Бұл – Тәуелсіз елдің болашағы үшін жасалатын маңызды қадам.
Қазіргі уақытта біз егемендік алған алғашқы жылдармен салыстырғанда экономика, білім саласында серпінді қадамдар жасап, елеулі жетістіктерге қол жеткіздік. Елбасының тиімді жүргізген саясатының арқасында көптеген қиындықтар еңсеріліп, елімізде бейбітшілік пен татулық орнады.
Қазақстанның шешуші кезеңде уақыт оздырмай кезекті Президент сайлауын өткізуі – ел экономикасын дамытып, әлемдік дағдарысты еңсеруге мүмкіндік беретін сәтті қадам деп есептейміз.
Отандық ауыл шаруашылығы білімі мен ғылымының қарашаңырағы – Қазақ ұлттық аграрлық университетінің басшылығы мен оқытушы-профессорлық құрамы және білім алушы жастары Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы ұсынысты толығымен қолдайды.
 
 
Қазақ  ұлттық аграрлық университетінің ректоры,
ҚР ҰҒА Вице-президенті, академик Т.И.ЕСПОЛОВ
Читайте также Архив новостей