Қазақстан – Жапон инновациялық орталығында өсімдік майын өндірушілер біліктілікті жетілдіру курсынан өтті - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті
Университет перешёл на дистанционное образование
Новость #1036 Статистика

Қазақстан – Жапон инновациялық орталығында өсімдік майын өндірушілер біліктілікті жетілдіру курсынан өтті

       2018 жылдың 5-7 қыркүйек аралығында ҚазҰАУ Біліктілікті жетілдіру институты бағдарламасы аясында университеттің Қазақстан-Жапон инновациялық орталығы базасында «Бота-2015» ЖШС (Ақмола облысы, Щучинск қаласы) қызметкерлері тәжірибеден өтті. Курс «Газды хроматография әдісін қолдана отырып өсімдік майының құрамындағы майлықышқылды анықтау» деген тақырыпта өтті.
Курстың мақсаты – тыңдаушыларға газды хроматография көмегімен азық-түлік құрамындағы майлықышқыл туралы тәжірибелік білім беру.
Оқыту курсы барысында «Бота-2015» ЖШС майзауытында өндірілген күнбағыс және зығыр майларына қорытындылар жасалды. Газды хроматограф жұмысының принциптері және қайта өңдеу жайы үйретілді.

photo
Курстың ғылыми жетекшісі – ҚазҰАУ-дың Қазақстан-Жапон инновациялық орталығының директор, PhD доктор М.Т.Нұрғалиева азық-түлік қауіпсіздігі сферасындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша заманауи зертхана жабдықтарымен таныстырып, олардың мүмкіндіктері туралы айтып берді.  «Бота – 2015» ЖШС құрметкерлерінің курсы бойынша А.Р Кажмукановаға және Д.А. Ковалеваларға сертификаттар тапсырылды.

 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты