Кафедра күнін атап өтті - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Университет перешёл на дистанционное образование
Новость #708 Статистика

Кафедра күнін атап өтті

Жуырда  Қазақ ұлттық аграрлық университетінің, «Ветеринария» факультетіне қарасты №5 «Жалын» студенттер үйінде «Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасы күніне орай «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында мерекелік іс – шара өткізілді.Іс-шараның мақсаты 1 курс студенттеріне Ветеринариялық санитария мамандығы туралы мағұлмат беру, кафедра ұстаздарымен таныстыру, пікір алмасып, болашаққа деген бағыт-бағдар көрсету.

фото
фото
Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена кафедрасының меңгерушісі РhD  докторы Алиханов Қ.Д. мырза кешті бастап, келген қонақтармен, кафедра оқытушыларымен таныстырып, кафедраның жеткен жетістіктері жөніндеайтып, «Ветеринарлық санитария» мамандығыныңмиссиясын ашып түсіндіріп өтті. Агроөнеркәсіп кешеніне және әлемдік ғылым-білім кеңістігіне қажетті «Ветеринарлық санитария»саласындағы мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен қатар әлеуметтік бағдарланған, жоғары мәдениетті және толерантты тұлғаны қалыптастыруға  ықпал ету жөнінде пікір алмасты.
Сонымен қатар кафедрамыздың профессорларын, «ЖОО  үздік оқытушы» мемлекеттік грант иегерлерін атап, ПОҚ құрамының біліктілікті арттыру мақсатында шет ел университеттерінде оқуға мүмкіндіктерібар екенін айтып өтті.

фото
фото
2016 жылы ҚР ұлттық «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» өткізген рейтингісінде, біздің мамандық «Ветеринария» бағыты бойынша 1 орынды иеленді.
Мерекелік іс-шараға кафедраның аға буын өкілі профессор Марат Садуұлы Садуов ақыл кеңесін айтып, батасын  берді.
Кафедра профессоры Сахариянов Ақылбай Жүнісбекұлына сөз берілді:  
Мен Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын 1971 жылы бітірдім. Бір жыл шаруашылықта малдәрігері болып жұмыс істеп, 1972 жылы аталған институтқа келіп аға зертханашы болып жұмысқа орналастым. 1974 жылы оқытушылық қызметке ауыстым. Содан бері институт, университет қабырғасында жастарға білім беру ісімен шұғылданудамын. Ғылыми жұмысымның жетекшісі профессор Н.Ф. Шуклин болды. Ғылыми жұмыс Кеңестер одағының Қорғаныс және Ауыл шаруашылығы министірліктерінің тапсырмалары бойынша орындалды. Жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша Қазан қаласында орналасқан жабық түрдегі Бүкілодақтық Ветеринариялық ғылыми зерттеу институтының жабық ғылыми кеңесінде, Қазақстан Республикасы бойынша алғашқылардың қатарында «Ветеринариялық радиобиология» мамандығы бойынша диссертация қорғап, биология ғылымдарының кандидаты атағын алдым. Қазіргі таңда «Ветсанитария мамандығының» 3-4-5- курс студенттеріне және 1-курс магистранттарына мамандығым бойынша дәріс оқып, зертханалық сабақтар жүргіземін. 150-ден астам ғылыми еңбектерм жарық көрді, олардың ішінде ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстар, оқу құралдары мен оқулықтар бар.

фото
фото
2016 жылы «Ветеринариялық санитариялық сараптау және  гигиена» кафедрасының профессоры, ветеринария ғылымдарының докторы, КР ғылымына еңбегі сіңген  қызметкер  Шуклин Никлай Федоровичтің туғанына  100-жыл толды.
Н.Ф.Шуклин Ұлы Отан соғысының ардагері, ҚР еңбегі сіңген қайраткер,  А.И.Бараев атындағы силықтың иегері, біз оның шәкірттері, әріптестері ұстазымыздың еңбек жолына қызыға қараймыз.
Сөз кезегін кафедрамыздың профессоры Сеит Өмірсенұлы  мырза жалғастырды:
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ««Мәңгілік Ел» патриоттық актісі Құжатында – Қазақстан халқының тарихи тағдыры мен жалпы мүдделері, біздің елімізді дамытудың базалық құндылықтары көрінетін «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының жеті мызғымас тұғыры, жеті құндылық ұсынылған.
-Қазақстанның тәуелсіздігі;
- Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім;
- Зайырлы қоғам және жоғары руханият;
- Индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өнім;
- Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы;
- Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы;
- Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік , өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
Жаһандық  азаматтық  тұлғасы: Өз  Отанын  қатты  сүйетін, әлем халықтарын мәдениетін, салт-дәстүрін  сыйлай білетін,  әлемді дамытуға өз үлесін  қоса алатын тұлға болуға дайындалу қажет.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі жаңғыртылуда. Отандық білім беруді жетілдіру қажеттілігі басым мемлекеттік міндеттер қатарына шықты. Осы мақсатта 2016 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі әзірленіп, қабылданды.

фото
фото
Кафедрамыздың профессоры Қ.М.Ромашев «Ветеринариялық санитария» мамандығының негізін қалаушыларының бірі, типтік оқу бағдарламаларының авторларының бірі, в.ғ.д., профессор С.Қырықбайұлының 70 жас толуына орай еңбектері мен  жетістіктерін айтып өтті. 2001-2010 жылдар аралығында «Ветеринариялық санитариялық сараптау» кафедрасының меңгерушісі болды, ол басқарған кезде кафедра екі рет университеттегі «үздік» кафедра атағын жеңіп алды. С.Қырықбайұлы ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, А.И.Бараев сыйлығының иегері, ғылым мен техниканың дамуына қосқан ерен еңбегі үшін 2004-2006 жылы Мемлекеттік стипендиясының иегері болған.
Өз кезегімен 1, 2 курс студеттері өз өнерлерін паш етті. М.Мақатаев атамыздың өлендерін оқып, «Туған жер» әні шырқалды. 1 курс студенттері «Адай» күйі мен «Ерке сылқым» күйін орындап, «Гүлбану» би тобындағы 2 курс биші қыздарымың бұрала қазақ биін билеп,қатысушы студенттердің көңілін көтерді.
Белсене қатысқан студенттерге кеш қонақтары мен кафедрамыздың оқытушылары авторлық кітаптары мен сыйлықтарын таратып, мақтау қағаздарымен марапаттады.
 
 
Орындаушылар:
 «Ветеринариялық-санитариялық сараптау  жәнегигиена»
кафедрасының оқытушылары Сахариянов А.Ж., Алиханов Қ.Д., Аллабергенова А.Д.,
Абжалиева А.Б., Таипова А.А., Турабеков М.Р.
 
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты