Қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Университет қашықтықтан білім беруге көшті
Новость #980 Статистика

Қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады

       Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде 85 жылдан астам тарихы мен тәжірибесі бар, отандық аграрлық білім мен ғылымның көшбасшысы, халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының бірі – Қазақ ұлттық аграрлық  университетінің Қабылдау комиссиясы  ағымдағы жылдың 1 маусымнан өз жұмысын бастап, талапкерлерге есігін айқара ашты.
Университетке келуші әрбір талапкер қабылдау комиссиясынан өзіне қажетті барлық мәліметтерді ала алады. Мұнда 6 факультет пен Аграрлық  коледждің өкілдері құжаттарды қабылдап, толық ақпарат, бағыт-бағдар беруге сақадай сай отыр.
Кешендік тестілеуге құжат қабылдау мерзімі: 1- 20 маусым аралығында жүргізіледі. Мемлекеттік білім грантын алуға конкурсқа қатысу: 27 шілде – 5 тамыз аралығында.
Қабылдау емтихандары 14-18 шілде аралығында кешенді тестілеу түрінде қазақ немесе орыс тілі, таңдаған мамандыққа сәйкес төртінші пән арқылы жүргізіледі, конкурста бейіндік пәннің балы ескеріледі.

photo
ҚР Үкіметінің 2013ж. 9 шілде №698 қаулысына сәйкес мемлекеттік білім грантына конкурсына қатысу үшін тестілеу нәтижелері 65 балл болуы керек, ал «Білім» (5В012000), «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» (5В080100 - 5В081200) және «Ветеринария» (5В120100 - 5В120200) мамандықтарына кемінде 60 балл,. оның ішінде барлық пәндер мен бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты