И.К.СКРЯБИН АТЫНДАҒЫ ҚЫРҒЫЗ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТТІ. - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1312 Статистика

И.К.СКРЯБИН АТЫНДАҒЫ ҚЫРҒЫЗ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТТІ.

Қазақ ұлттық аграрлық университеті білім беру үрдісін жетілдіре отырып, әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты нығайту және дамыту бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Осыған орай, «Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена»  кафедрасының ПОҚ құрамы мен «Ветеринариялық санитария» мамандығының жоғары курс студенттері мен магистранттары 2018 жылдың 19 қарашасы мен 01 желтоқсан аралығында И.К.Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтті. Студенттерді  факультет деканы в.ғ.д., профессор Акназаров Б. К. қабылдап, тағылымдаманың апталық жоспарымен таныстырды.
«Жануарлардың инфекциялық және инвазиялық аурулар» кафедрасына қарасты «Микробиология» ғылыми-зерттеу орталығының меңгерушісі доценті Джетигенов Эльмурат Алсеитұлының жетекшілігімен зертханада ғылыми- зерттеу жұмыстарымен зерттеулер жүргізіп, магистранттарға кеңес берілді.


Биология ғылымдарының кандидаты, «Биотехнология және химия кафедрасының» доценті Исаев Мирбек Ашымбекович факультеттің мұражайымен таныстырды. «Ветеринариялық сараптау, гистология және патология» кафедрасының  профессоры Арбаев К.С мал өлексесін патологиялық-анатомиялық сойып зерттеп, ауру малға балау қою әдістерін көрсетіп, тәжірибе жүзінде мал ағзаларында өтетін өзгерістерді көрсетті.


ҚазҰАУ-нің профессоры Жамансарин Т.М 3 және 4 курс студенттеріне «Ветеринариялық санитариялық сараптау» пәнінен циклі бойынша, ал аға оқытушы Малдыбаева А.А. «Ветеринариялық гигиена және санитария» пәнінен «Роль ветеринарной санитарии в профилактике инфекционных и инвазионных болезней человека и  животных» тақырыбында  университет студенттеріне дәріс оқыды.


Белоцерков аграрлық университетінің профессоры в.ғ.к., Латоцкин В.В. Ветеринария саласындағы заманауи өзгерістер туралы толық дәріс курсын оқып, өз тәжірибесімен бөлісті. Студенттердің пікірі бойынша оларға университетте оқу үдерісі, сондай-ақ қаланың мәдени орындары ұнады. Бағдарлама сәтті аяқталған соң студенттерге сертификаттар, ал оқытушылырға дәріс оқығаны туралы сертификаттар табыс етілді




Орындағандар: Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена кафедрасының ПОҚ құрамы
Малдыбаева А.А.
Жамансарин Т.М.
Ергумарова М.О.
Губайдуллина М.Б.
Харесова А.М.
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты