Игі істер жалғасын табуда... - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1884 Статистика

Игі істер жалғасын табуда...

2019-2020 оқу жылында «ІТ-технологиялар, автоматтандыру және АӨК-н механизациялау» факультетінде талай игі істер атқарылып келе жатқаны көпшілікке аян. Үстіміздегі жылдың ақпан айының басында, яғни, 02.02.2020 күні өткізілген қайырымдылық шарасы осындай істердің заңды жалғасы болып отыр.

Факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанна Даулетова, топ кураторлары Назира Сәмбетқұлова мен Фариза Райымбекова ұйымдастырған бұл шараға бірінші курс студенттерінің арасынан шыққан еріктілер қатысты. Олар Алматы қаласындағы «Қалқаман» ықшамауданында пәтер жалдап тұратын көпбалалы ана Қайдарова Ләйлім Қабылақатқызының үйіне барды. Алты, соның ішінде біреуі ауыр науқас баланы бір өзі тәрбиелеп отырған жалғыз басты анаға көмек қолын созған біздің еріктілер бұл отбасына азық-түлікпен жәрдем жасады.

Өз кезегінде көпбалалы ана Қайдарова Л. мұндай көмекті күтпегенін айтып, қол ұшын созған жандарға шексіз ризашылығын білдірді. Факультет өкілдері мұндай көмектің алдағы уақытта тағы да қайталануы мүмкін екендігін атап өтті.

Бұл шара қазақтың «Жетім көрсең жебей жүр» деген аталы сөзіне тағы бір дәлел болды.
 

 
Орындаушылар «ІТ-технологиялар, автоматтандыру және АӨК-н механизациялау»
факультеті деканы Абдильдин Н. К., тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Даулетова Ж.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты