Ғалым-ұстаз Ажес Сейтешев – 90 жаста! - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1783 Статистика

Ғалым-ұстаз Ажес Сейтешев – 90 жаста!

22 қарашада «Кәсіптік оқыту» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақ ұлттық аграрлық университетінің IT технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау факультеті ғимаратында көрнекті ғалым-ұстаз, ҚР ҰҒА академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ажес Сейтешев атындағы оқу-әдістемелік кабинеттің ашылу салтанаты өтті. Аталған шара ғалымның 90 жасқа толуына орай ұйымдастырылды. 
 

Оқу-әдістемелік кабинеттің ашылу рәсімін университет ректоры, ҚР ҰҒА Вице-президенті, академик Тілектес Есполов жасады. Сонымен қатар іс-шараға Ажес Сейтешев, оның балалары, әріптестері, шәкірттері, университеттің оқытушы-профессорлар құрамы мен студент жастары қатысты.

Университет ректоры Тілектес Исабайұлы Ажес Петровичті мерейтойымен құттықтап, ғалымның ғылымға сіңірген еңбегі жайлы баяндады. 

Одан кейін академиктің әріптестері мен шәкірттерінен белгілі ғалымдар Полатбек Жүнісбеков, Ақылбек Инкарбеков, Шаншар Нұртаев, Надия Ахтаева, Айгерім Көшербаева, Ақмарал Мағауова, Гүлнар Сарсенбаевалар Ажес Петровичті түйіскен ғылымдағы жолдары, оның еңбектері жайлы әңгімелерін ортаға салды. Ғалымның тағы бір шәкірті педагогика ғылымының докторы, профессор Наби Ысқақ кабинетке компьютер тарту етті. 

Орындаушылар
«ІТ–технологиялар, автоматтандыру және
агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау»
факультетінің деканы Абдильдин Н. К.
«Кәсіптік оқыту» кафедрасының меңгерушісі Скабаева Г. Н.,
Аға оқытушылар Курбаналиев Б. Б., Самбеткулова Н. Н.

Читайте также Жаңалықтар мұрағаты