Факультеттегі студенттік өмір - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Университет қашықтықтан білім беруге көшті
Новость #1698 Статистика

Факультеттегі студенттік өмір

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің "Су, жер және орман ресурстары" факультетінде оқу жылының басында дәстүрлі түрде биылғы жылы оқуға түскен талапкерлердің, яғни біздің университетке түскен бірінші курс студенттерінің құрметіне арналған ауқымды мереке болып өтті. Бұл ашық әрі позитивті іс-шара "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында №10 "Аққайың" студенттер үйінде 2019 жылдың 21-қазанында болып өтті.
Студенттер үйінің мәжіліс залында мерекелік іс-шараға бірінші курс студенттері жиналды. Бұл кеше ғана Ұлттық біріңғай тесттілеу нәтижесі бойынша қай оқу орнына түсетінін тағатсыздана күткен бүгінгі 1-курс студенттерінің бір-бірімен танысу кеші болды.
 

          Жоғары курс студенттері 1-курс студенттеріне 2018 жылы өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өткен факультеттің ішкі сақталып келе жатқан ережелер мен дәстүрлерін айтып өтті.
Факультеттегі студенттік белсенділердің жаңа құрамы мен студенттік декан Тыныштық Аружан мен студенттік кеңестің төрайымы Бауыржанқызы Әлия бастаған топ: 1-курс студенттеріне концерттік бағдарлама, интеллектуалды ойындар, конкурстық жарыс, би бағдарламасын ұйымдастырды. Кеш соңында кешке келген қонақтар мен бірінші курс студенттеріне тегін балмұздақ таратылды.
Аталған іс-шараға ҚазҰАУ жастар саясаты бөлімінің маманы Аманбай Қ., факультет деканы Абаева К.Т., университеттің бес факультетінің студенттік белсенділері, декан орынбасарлары Шабалина М.В.,Омарова Ш., 1 курстың куратор-эдвайзері Аскарова К.У., кураторлар Борисова Ю.С., Шыныбеков М.К., және  студенттер үйінде тұратын 111-студент қатысты
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты