Еріктілермен онлайн шара өтті - Казахский Национальный Аграрный<br/> Исследовательский Университет
Университет перешёл на дистанционное образование
Новость #2257 Статистика

Еріктілермен онлайн шара өтті

Дана халқымыз « Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген. Қайырымдылық пен мейірімділік  қанымызға сіңген қасиет. Қазақта асар жасап, бір-біріне көмектесіп, қолдау көрсету дәстүрі бар.  Бұл 2020 жыл «Еріктілер жылы» болып жариялануымен үндестігін арттырғандай. Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді. Бүгінде әлем халқының 970 миллионы волонтер болса, оның ішінде әрбір сегізіншісі қазақстандық еріктілер қатарын толықтыруда. Бүгінгі таңда еліміздің түпкір-түпкірінде 200-ден астам волонтерлық ұйым жұмыс жасайды.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студенттері де еріктілер қатарынан табылып жүр. «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасының оқытушылары: З.С. Ақтамбердиева, Г.Ш. Баймұратова, А.Ж. Ахантаева, З.Т. Тастанова, С.С. Кулмесканованың ұйымдастыруымен «Су, орман және жер ресурстары», «Агробиология» факультетінің 1-курс студенттерімен «Еркін елдің ерікті ұланымыз! » атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.  Аталмыш шараға Тәрбие бөлімі, «Қазақ тілі мен орыс тілі» кафедрасының оқытушысы Қ.А. Ускенбаева және «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасының оқытушылары қатысты. Студенттер белсене қатысып, баяндамалар жасады. Әсіресе Қиарыстан Мерей, Берік Айжан МР-115 тобының студенттері және де Жамбыл Жібек, Ақмурзиев Думан, Байзақ Несібелі ВР-114 тобының студенттерінің баяндамалары ерекшеленді. Бұл дөңгелек үстел түрлі ойындар мен сұрақ-жауаппен қызықтырыла түсті.

Кафедра оқытушылары Г.Ш Баймұратова мен А.Ж. Ахантаевалар студенттерге еріктілік үлкен жүректі талап ететінін айта отырып, ерікті болуы үшін кім не істеді деген сұрақ қойды. З.Т. Тастанова, З.С. Ақтамбердиева әлем тарихында еріктіліктің үлкен ұйым екендігі, ол шексіз күш екендігі жөнінде сөз қозғады. Еріктілік бүгінгі таңда еліктеуіш құралы немесе сәндік үшін жасалатын дүние емес, әр түрлі бағытта жасалатын шексіз көмек болуы керектігі туралы студенттердің   санасына, жүрегіне тәрбиелік із қалдырады деген үмітпен ұйымдастырылған шара болды.
 
 
 З.С. Ақтамбердиева
 С.С. Кулмесканова
Читайте также Архив новостей