«Экстремизм мен терроризмге діни көзқарас» - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Университет перешёл на дистанционное образование
Новость #492 Статистика

«Экстремизм мен терроризмге діни көзқарас»

Құрметті ұстаздар, қатысушылар және студенттер. Бүгін сіздер «Экстремизм мен терроризмге діни көзқарас» атты 2 курс ТППЖ мамандығы 203 ші және БТ мамандығы 204 топ студенттері  арасындағы дөңгелек үстелде бас қосып отырсыздар. Қоғамның ең әлсіз тұсы дін, жастарымыздың дін туралы сауаттылығы нашарынан ба, әлде бір себеппен ба, секталарға кіру себебі, Бүгінгі «Экстремизм мен терроризмге діни көзқарас» тақырыбы да осы арнаға келіп саяды. Қазіргі уақытта қоғамның, мемлекеттің ең өзекті мәселесі осы жайында бүгін біздер сіздерге ислами тұрғыдан әртүрлі мәселелерді қозғаймыз. 
   
photo
photo
1 - жүргізуші: 203 ші топтан Әмзе Бағлан Дәулетұлы:
Ислам араб сөзі, аллаға бойынұсыну деген мағына білдіреді, Ислам діні VІ ғасырдан Арабия түбегінен тарай бастады, Ислам діні әлемде 1, 3 млрд адам ұстанады, және де мемлекеттік дін деп жариялаған мемлекеттер де бар, Ислам діні бүкіл әлемде көк пен жерді жаратушы, Аллаға ғана сенуді уағыздайды. Ал ислам дінінің алғышартының бірі Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед алланың елшісі екендігіне куәлік беру. Ислам діні – адам баласын тура жолға бастайтын дін. Адамды мейірімділікке, бауырмашылыққа, қайырымдылыққа үйретеді, Имансыз ұлт болмайтынын түсінген атам қазақ, ислам дініне қатты көңіл бөлген, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас»- деп жырлаған ұлы Абай ислам дініне берік болған ғой, ал қазіргі таңда кездесіп отырған келеңсіз жағдайлар неден,- деп қарастырып көрейік
2 - жүргізуші: 204-ші топтан Жақсылық Айзада:
Экстремизм деген не? Қоғамға тигізер әсері қандай?
204 топ Аскаров Марлан: Қазіргі таңда діни - ахуал жағдайында жалпы экстремизм деген терминге зерттеушілер ортақ бір нақты мазмұн беретін балама сөз тапқан жоқ. Әр ғалым өзінше сөз саптайды. Бір анығы, қоғам үшін бұл – үлкен қауіпті құбылыс.
203ші  топ  Сәрсенова Мөлдір Тілегенқызы: Марланның сұрағына қосатын болсам, я нақты балама жоқ Енді осы экстремизмнің мағынасын объективті түрде түсіндіріп көретін болсам,. Экстремизм (ехtгеmus) деген латын тілінен енген термин, сөздік мәні соңғы, шеткі деген мағынаны білдіреді, ал саяси мағынасы шектен шыққан көзқарас пен іс - әрекет арқылы ерекшеленетін күрделі әлеуметтік феномен. Сонымен қатар, бұл – тікелей немесе жанама түрде парламенттік демократияны жоққа шығаратын саяси қызмет түрі.
1 - жүргізуші 203 ші топтан Әмзе Бағлан  Дәулетұлы:
Экстремизмнің негізгі белгілерін қалай ажыратамыз?
203 ші топ Мақпиратұлы Ермек: менің ойымша біріншіден, мемлекетте диктатура орнатуды ашық жариялайды, яғни бұл дегеніңіз елдегі азаматтардың саяси және азаматтық құқықтарын кемсіту; екіншіден, елдегі конституциялық құрылымды үзілді - кесілді мойындамайды, оны зорлық - зомбылық күшімен жоюға және билікті заңсыз басып алуға ашық түрде насихаттайды; үшіншіден, заңсыз қарулы жасақтар құрады; төртіншіден, елде әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тіл және діни алауыздықты қоздырады, сонымен қатар, осы ерекшеліктер бойынша азаматтардың құқығын шектеуді мақсат етеді; бесіншіден, елде белгілі бір ұлттың немесе діни конфессияның тоталитарлық режимін орнатуға ұмтылады.
2 - жүргізуші 204-ші топтан Жақсылық Айзада:
Сонымен, «діни экстремизм» дегенді қалай түсіндірер едіңіздер?
Сөйлеген: 204 ші топтан Еңлік пен Ақбота қоғамдағы дәстүрлі діннің құндылықтарын жоққа шығару. Дәстүрлі дінге жат «идеяны» белсенді насихаттау. Зайырлы қоғамға қарсы әрекет ету. Қоғамға белгілі бір діни конфессия бойынша өз түсініктері мен көзқарастарын насихаттау деуге болады.
1 – жүргізуші 203 ші топтан Әмзе    Бағлан   Дәулетұлы:
Жоғарыда аталған іс - әрекеттерді жасайтындарды, сәйкесінше, экстремистер дейді. Соңғы жылдары экстремистер өз мақсаттарына жету үшін «қанды террорлық» әрекетті құрал ретінде қолданып, әлем жұртшылығын алаңдатып отыр.
2 – жүргізуші 204-ші топтан Жақсылық Айзада: Бүгінгі шиеленіскен діни ахуалдың себеп - салдары қандай?
Сөйлеген 203 ші топтан Танаубай Ұлжан Жармахамбетқызы: Қазақ елінің соңғы бір жылдан бері үсті - үстіне болған жарылыстардан ұйқысы қашып, мазасы кете бастады. Өткен жылы Ақтау абақтысынан басталған діни дүрбелең, іле - шала Ақтөбе, Қазір халық енді қай жерде дүмпу болады деп үрей құшағында өмір сүруде. Кеше Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі қоғам көңілін басқан қалың тұманды сейілту үшін шұғыл жиын өткізіп, діни экстремизмнің алдын алу мәселесін жан - жақты талқылады. Тұрымтай кеңесте Елбасы лаңкестерді түбегейлі жоюға мемлекеттің күш - жігері жететінін нық сеніммен айтты. Десе де, енді бұл дертпен ҚМДБ немесе құқық қорғау орындары ғана емес, бүкіл қоғам болып күресу керек секілді. Өйткені, діни экстремизм мемлекет тұтастығына сызат түсіріп отырған бірден - бір қауіпке айналып отыр. Ендеше, еліміздегі діни шиеленіскен ахуалдың себеп - салдарының күрмеуін ағытуға біз де өз тарапымыздан азаматтық пікір білдіруді жөн санаймын.
Насиров Руслан 203 ші топ:  Бұрын біздің ата - әжелеріміз Кеңес кезінде дінді ашық ұстай алмады. Себебі менің жеке пікірім бойынша Біріншіден, еліміз тоқсаныншы жылдардың басында тәуелсіздікті нығайту үшін мемлекеттің күш - жігерін негізінен экономикалық әлеуетті арттыруға жұмсады. Осының әсерінен руханият саласы мешеулікке ұрынды. Қожа - молдалар үшін аласапыран заман саналған жетпіс жылдық атеистік дәуірдің өзінде дәл тоқсаныншы жылдардағыдай қазақ халқының руханияты тым төмендемеген еді.
Жолдаспаев Толыбай 204 ші топ:  Кеңес билігі кезеңінде ұлт зиялылары руханиятқа деген қажеттілікті әдебиет пен өнер арқылы өтеп, халыққа шама-шарқынша дұрыс тәлім - тәрбие беріп келді. Ал тоқсаныншы жылдардағы әлеуметтік - экономикалық дағдарыс осы тәрбие мектебіне де өз салқынын тигізді. дәлел келтіретін болсам, Мемлекет халықтың рухани бағытын айқындап бермеген соң, қаталаған қалың бұқара шөлі қанбаса да секталардың жалаң діни ақпаратынан су ұрттай бастады. Ал, миссионерлер болса, халықтың осы мағынауи һәм материалдық қажеттілігін өз мақсаттарына ұтымды пайдалана білді. Егер біздің билік Кеңестік кезеңде белгілі бір деңгейге көтерілген мәдениет пен әдебиетімізді аман сақтап қала алғанда, бәлкім, дәл бүгінгідей рухани дағдарыс орын алмаған болар еді.
Ершат Ержанат 203 ші топ: Осыған байланысты 2006 жылғы 8 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы «Ғаламдық террормен күрес» стратегиясын қабылдады. Бұл құжатта БҰҰ - ғы мүше мемлекеттер экстремизм мен терроризмнің барлық пішінін бір жақты айыптайды және осыған қарсы тығыз ынтымақтастық арқылы әрекет етуге дайын екендігін көрсетеді. Стратегияны әр мемлекет шынайы түрде іске асырып жатса, діни экстремизм мен күрес шын мәнінде өз нәтижесін берер еді.
Елімізде 2005 жылдың 18 ақпанында «Экстремизмге қарсы іс - қимыл туралы» Заң қабылданды. Осы заңның 10 - бабы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының шет мемлекеттердің органдарымен және халықаралық ұйымдармен экстремизмнің алдын алу, анықтау және жолын кесу саласындағы өзара іс - қимылы» деп аталады. Осы бап жоғарыда аталған БҰҰ - ның «Ғаламдық террормен күрес» стратегиясына сәйкес еді. Демек, еліміз аталған стратегиядан бір жыл бұрын қабылданған заңы арқылы экстремизм мен терроризмге қарсы басқа мемлекеттермен бірігіп күресуге әбден дайын.
Қазақстан өзі тарапынан аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, сонымен қатар, демократиялық, әділ және ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнату үшін қолынан келгеннің бәрін жасап жатыр. Соның бір мысалы ретінде Қазақстанның 1996 жылы «Шанхай бестігі» деген атаумен құрылып, 2001 жылдың 1 маусымынан бастап Шанхай ынтымақтастық ұйымы аталған құрылым аясындағы экстремизм мен терроризмге қарсы нақты іс - шараларын айтуға болады.
1 - жүргізуші 203 ші топтан Әмзе Бағлан   Дәулетұлы: жоғарғы оқу орындарына дін тану пәнін енгізссе, сен үшін қандай оның маңызы бар, оған қосар ойың?
Жолдаспаев Толыбай 204 ші топ:  Студенттердің бойына діни санасы мен діни білімін қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Еліміз бойынша униерситтеттерде «Дінтану негіздері»пәні оқытылса. Мұны дұрыс шешім деп қабылдауымыз керек.
Майлыбаева Сауле 204 ші топ: Өкінішке орай, сол пәнді оқытатын мамандар жеткіліксіз, мамансыз дін тану пәнін жүргізу – ең үлкен қателік, егер де жас азаматтардың діни санасын қалыптастыруға дін маманы, дінтанушы білім бермесе оның дүние танымы, діни санасы қайда бағытталары белгісіз.
Сүлетаев Мұрат  203 ші топ: Саулеге  қарсы пікір білдірсем бе деп ем, мысалы ордамызда дін пәнінен ешқандай мағлұматтар берілмейді, сонда олар бермесін дегенге мүлдем келіспес едім, өйткені әрбір азаматтардың санасына байланысты, ол сектаға кіре ма, әлде лаңкестік ұйымға кіре ма оны өзінің түйсігіне байланысты деп білем.
Хайдарова Салтанат 203 ші топ: Сапасыз оқулықтар, жалған дінтанушылар жарға жығады. Қазақстан билігі діни бостандықты жариялағанымен, дін ахуалға сергек қарау үшін теология ғылымын дамытуы тиіс еді. Алайда, Кеңес дәуірінде елімізде дінтану ғылымының негізі қаланбаған болатын. Осының әсерінен алғашқыда біздің еліміз теолог - мамандарға аса зәру болды. Қазір де шынайы дінтанушылар тапшы десек, қателеспейміз.
1 - жүргізуші 204-ші топтан Жақсылық Айзада: Діни кітаптар шығарып жүрген Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы осы уақытқа дейін 15 ке жуық үлкенді кішілі кітаптар жазған. негізгі тақырыбы исламның адамгершілік, ынтымақ пен бірлік діні екендігі, ислам ғылымы жайында жазылған еңбектері бар.
2 - жүргізуші 203 ші топтан Әмзе    Бағлан   Дәулетұлы: Мұсылмандар. Мұсылмандарды мазақ еткен фильм туралы түрлі ақпарат құралдары жарыса жазғаны белгілі, мұсылман мемлекеттері осы мәселеге байланысты қандай шаралар қабылдады?
Кузенбаев Нурлан 204 топ: Бұл мұсылмандардың наразылығын туғызды. Мысалы: біздің мемлекетімізді алатын болсақ. бұл фильмді көруге тыйым салды. себебі....
1 - жүргізуші Жақсылық Айзада: Діни экстремизм және оның алдын - алу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
Жолдаспаев Толыбай 204 ші топ:   Қазірде елімізде жайып келе жатқан кері діни ағымдар мен секталар көп. Солардың басты дегендерімен таныстыра кетейін. Діни ағымдар атаулары, түсініктері мен ерекшеліктері Уаһһаб Уаххабилік - діни – саяси ағым Мухаммед ибн Әбдел УІІІ ғасырда Арабстанның Нәжд өлкесінде пайда болған. Мұхаммед пайғамбарға сыйынудың қажеті жоқ деп есептейді. «Иегово куәлары» Сиқырлау әдісін қолданады. Халықаралық Кришна санасы қоғамы
т. б діни секталар\н таныстырамын. отбасынан ажырасып бөлек тұру, транс күйге түсіру бағдарламалары пайдаланады.
1. Қауіпті діни әдебиетке тыйым болмай, діни экстремизмнің алдын алу мүмкін емес – газеттің 14. 02. 08 күнгі №7 санында жарияланған «Маңғыстаудағы майдан. Кім қалай өлді?» атты мақаладағы құқық қорғау органының қызметкеріне (полицияға) қарулы шабуыл жасаған қылмыскерлердің оқыған кітаптарына, әдебиеттеріне сырттай қарағанда оларды қандай діни ағымға жатады деуге болады?
– Тізімде зиянсызынан бастап күдіктілеріне дейінгі түрлі әдебиеттер бар. Саудагерлердің бұл діни әдебиеттерді сатуға лицензиясы жоқ. Мұның өзі – заң бұзушылық. Бұдан кейінгі сұрақ қоғамға қойылады.
I Діни əдебиеттерді сараптамадан өткізуге кімнің құқысы, өкілеттілігі бар?
II Республикаға əкелініп жатқан діни əдебиеттерге кім бақылау жүргізеді?
III Діни əдебиеттерді басып шығаруға кім рұқсат береді?
IY Басылып шыққан кітаптың салдарына кім жауап береді?
2. Экстремизмге қарсы күрестің бірден - бір жолы – олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары.
3. Әйтседе жас өспірім балалар үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес, Секталардың, экстремистік топтардың қауіпі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет.
4. Ол үшін барлық білім жүйесінде«Дінтану» сабағымен қоса мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп, отырумыз керек деп сөзін аяқтады.
Қорытынды сөз 204 ші топ тәлімгері Сагидолдина Жанар сөйледі: Әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден - ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен «Бақ қайда барасың ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер»деп елді бірлікке шақырып отырған. Елбасымыздың биылғы жолдауында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды. Осы сөз еткен ұғымдардың ерекше аталып өтуі тегін емес, Сондықтан бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін бір кісідей атсалысайық. Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз баянды болсын ағайын.
Қорытынды ретінде бірнеше слайдтар мен видеолар,викториналық сұрақтар қойылды.Студенттер белсене қатысты.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты