Болгариядағы Пловдив аграрлық университетінде ҚазҰАУ студенттері «Наурыз» мейрамын тойлау дәстүрінің мерекелік бағдарламасын өткізді! - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #882 Статистика

Болгариядағы Пловдив аграрлық университетінде ҚазҰАУ студенттері «Наурыз» мейрамын тойлау дәстүрінің мерекелік бағдарламасын өткізді!

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Болгария, Пловдив қаласында бір семестр мерзім аралығында оқып жатқан  «Агрономия», «Өсімдік қорғау және карантин» мамандықтарының студенттері мен «Топырақтану және агрохимия» мамандығының магистранттары Наурыз мерекесін атап өтуге ықылас танытты. Олар көктем мерекесінің тойлану дәстүрін танымдық сипатта Наурыз көже, бауырсақ сияқты дәмді тағамдармен әрлендіре отырып атап өтті.

photo
photo
Сонымен қатар студенттер өздерінің жүрекжарды тілектерін де жеткізді:
«Сәлеметсіздер ме! Біз, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттері, қазір академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Болгария Республикасында, Пловдив ауылшаруашылық университетінде дәріс алып жатырмыз. Біздің еліміз ғана емес бүкіл түркі әлеміне маңызды, көктемнің керемет мейрамымен университетіміздің ұстаздар қауымын, университет қызметкерлерін және де студенттерді құттықтағымыз келеді. Барлықтарыңызға денсаулық, жақсылықтар, махаббат және өркендеу, бастаған істеріңізге сәттіліктер тілейміз. Сонымен қатар, университетіміздің ректоры Есполов Тілектес Исабайұлына шетелде білім алуға жасаған мүмкіндіктері үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Шетелде білім алу бізді көп нәрселерге үйретті, білім алып қана қоймай, тәжірибе жинап, мақсаттарымызға жетуге бар күшімізді салудамыз.Біздің  осы елде үйренген дағдыларымыз болашағымызға және біздің еліміз үшін пайдалы болуы үшін бар мүмкіншілігімізді аямаймыз! Рахмет!»
photo
photo
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты