«Біз СПИД-ке қарсымыз» - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1116 Статистика

«Біз СПИД-ке қарсымыз»

      ЖИТС (иммунитеттің төмендеуі) - организмнің инфекциямен зақымданып, иммунитеттің төмендеуі (ВИЧ). СПИД - ол ауру емес, дамып келе жатқан инфекцияға организмнің кешенді әсер етуі, СПИД жұқпайды, тек ВИЧ-инфекциямен жұғады.
Осыған орай 2018 жылдың 31-қазанында «Ветеринария» факультетінің «Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасының ассистенті Толепова Гулзаттың ұйымдастыруымен «Ветеринариялық санитария» мамандығының 315тобымен «Біз СПИД-ке қарсымыз» деген тақырыпта дөңгелек стөл өткізді. Оған «Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасының меңгерушісі Алиханов Қ.Д және кафедра оқытушылары қатысты.

photo   photo
photo   photo

Аталмыш іс-шарада «Ветеринариялық санитария» мамандығының 315 топ студенті Дүйсенова Айзада қысқаша СПИД туралы бейнебаян көрсетсе, 315 топ студенті Шункеева Алина ЖҚТБ бойынша мультимедия көрсетіп, артынша студенттер өз ойларын алдыға салып, қызу пікір-таласқа көшті. Дөңгелек стөлдің негізгі мақсаты студенттерді салауатты өмір салтына үйретіп, СПИД-тің Қазақстан бойынша таралуы және оның алдын-алу шараларын студенттерге жеткізу.
                                  

Орындаушылар: «Ветеринариялық-санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасының оқытушылары
 
Шалкарова Д.,
Толепова Г.,
Құдайбергенова Ж.,
Толымбекова А.
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты