БІРЛІК МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! - Казахский Национальный Аграрный<br/> Исследовательский Университет
Университет перешёл на дистанционное образование
Новость #2039 Статистика

БІРЛІК МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті әріптестер, студент жастар!

Сіздерді 1-Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен таза көңіл, ізгі ниетпен құттықтаймын!

Әлемге ынтымақ пен бірліктің үлгісін көрсетіп отырған көпұлтты Отанымыздың келешегі жарқын, тұғыры берік, абырой-беделі асқақтай берсін. 

Достықты ту еткен бұл жалпыхалықтық мереке отаншылдығымыздың, туған жерге деген сүйіспеншілігіміз бен адалдығымыздың жарқын символы.

Елімізде Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы табысты жұмыс атқарып келеді. Халқымыз татулық пен келісімнің арқасында елеулі жетістіктерге жетіп, биік белестерді бағындыруда.

 «Бір халық, бір ел, бір тағдыр»  қағидасын ұстана отырып біз университетімізде, республикамыздағы жоғары оқу орындарының ішінде алғашқы болып, осыдан 16 жыл бұрын «Достық» студенттік ассамблеясын құрдық. 

Универсиетімізде, бір шаңырақ астында 24 ұлттың басын қосқан бұл ұйымның мақсаты ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты, достықты нығайту, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.

 «Бірлесіп көтерген жүк жеңіл» деген халықтық қағида – студенттік ассамблея мүшелерінің бүгінгі басты ұстанымы.

Хакім Абай айтқан «Кемел адам» болудың қазіргі замандағы бір жолы – өзіңмен қатар өмір сүріп келе жатқан ұлт пен ұлысты білу, олармен достық және сыйластық қатынастар орнату. 

Ел бірлігі мен татулығы – көпұлтты мемлекетіміздің күш-қуатының қайнар көзі.

Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ өмір, әр шаңыраққа бақыт-береке, табыс тілеймін!

Еліміз аман, бірлігіміз бекем болсын!
 
 
Ізгі ниетпен: 
Тілектес ЕСПОЛОВ,
Қазақ ұлттық аграрлық
университетінің ректоры,

ҚР ҰҒА Вице-президенті, 
Әл-Фараби атындағы Мемлекетті
сыйлықтың лауреаты, академик 
Читайте также Архив новостей