«Байсерке-Агро» агрохолдингінде «Егінжай күні» аталып өтті - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті
Университет перешёл на дистанционное образование
Новость #1031 Статистика

«Байсерке-Агро» агрохолдингінде «Егінжай күні» аталып өтті

       Жуырда «Байсерке-Агро» агрохолдингі базасында «Ауылшаруашылығында инновацияларды тиімді қолдану» тақырыбында республикалық егінжай күні аталып өтті. Шараның мақсаты АӨК жұмыскерлері, ауылшаруашылық өнімін өндірушілері, фермерлер үшін инновациялық шешімдердің тиімділігін қарастыруға бағытталды. Егінжай күніне ҚР Ауылшаруашылығының жауапты хатшысы Асылжан  Мамытбеков қатысты.
Көрме жұмысына ҚР МШМ ҒЗИ, отандық және шетелдік агрофирмалар мен компаниялар өкілдері, облыстық және аймақтық басқарма басшылары, кәсіпкерлер, коммерциялық және коммерциялық емес кәсіпорындардың жетекшілері мен мамандары, АӨК өнімдерінің трейдерлері, АӨК өнімдерін қайтаөңдеу компания өкілдері, инвесторлар, өз шаруашылығында өнім көлемінің тиімділігін арттыруға қызығушылық танытқан фермерлер қатысты.
 
photo   photo
photo   photo

Шара барысында Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы Агротехнологиялық ХАБ, Қазақстан-Жапон орталығы, ИИДМБ ғылым-білім орталығы жұмыстарының нәтижелерін, сонымен қатар студенттер старт-ап жобаларын таныстырды.
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, академик Тілектес Есполов бүгінгі күні оқу орны жаңа міндеттерді іске асыруда ғалымдардың ғылыми-интеллектуалдық әлеуетін, университетті дамытудың стратегиялық жоспарларын  дамытуға бағытталған шаралардың іске асырылып жатқанын атап өтті.
«Біз ғылым-білім және кәсіпкерлік бизнес-ортадағы интеграциясымен тығыз байланыстағы жаңа форматтағы университет ретінде жұмыс атқарудамыз» - деп атап өтті Тілектес Исабайұлы. Алматы облысындағы  «Байсерке-Агро» агрохолдингімен білім, ғылым, өндіріс интеграциясының заманауи моделімен бірлесе жұмыс істеуде аз уақыттың ішінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Республикалық «Егінжай күнін» өткізудің АӨК-дегі еңбек өнімділігін арттыруда және инновацияларды енгізуде, ауылшаруашылық интенсификациясы мақсатындағы білім мен интеграцияны таратуда және ынтымақтастықты күшейтудеге ролі өте зор.
 
photo   photo
photo   photo

Қазақстандағы аграрлық ғылымның алдында тұрған негізгі міндет – бизнес интеграциясы мен бизнес. 2013 жылы ҚР АШМ мен  «Байсерке-Агро» агрохолдингі бірлесіп ғылым мен өндіріс, білім интеграциясының тетігі ретінде «Байсерке-Агро» ғылыми-өндірістік оқу орталығын (ҒӨОО) құрды.
Бүгінгі күні орталықта фермерлерге арналған ғылыми-практикалық семинарлар, үш айлық халықты жұмыспен қамту орталықтарында қайта даярлау курстары өткізіледі.
Қазақстанның жоғары оқу орындарының магистранттары мен студенттері диплом қорғау алдындағы және өндірістік-технологиялық тәжірибелерін ұйымдастыру өткізіледі. Бұл. Оларға үлкен тәжірибе жинап, алғашқы кәсіби білімдерін шыңдауға мүмкіндік береді.
Оқыту бағдарламасы агроөндірістік кешендегі ең озық білім мен тәжірибені меңгертуге бағытталған.
 
photo   photo

ҚазҰАУ Баспасөз қызметі.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты