Новость #441 Статистика

«Азық-түлік қауіпсіздігі және сапасы» тақырыбында өткен біліктілікті арттыру вебинары

ҚазҰАУ Біліктілікті арттыру институтының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 14-17 наурызы аралығында қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану (кері байланыс түріндегі бейне-конференция) арқылы 16 сағаттық «Азық-түлік қауіпсіздігі және сапасы» тақырыбында вебинар өткізілді. Бұл вебинар 2016 жылғы 23 маусымдағы Ректорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес, ТМД қатысушы-мемлекеттері ауыл шаруашылығы, білім беру саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлауда базалық ұжым ретінде танылған К.А.Тимирязев атындағы МАША - Ресей мемлекеттік аграрлық университетінің қолдауымен ұйымдастырылды. Тақырып азық-түлік қауіпсіздігі және оның сапасын қадағалау, ауыл шаруашылығы өнімдері экспорт-импорты көлемінің артуына байланысты өзекті болып отыр.

photo
Халықаралық вебинарға ҚазҰАУ-нің мамандандырылған кафедраларының профессор-оқытушылар құрамы және инновациялық орталықтар мен зертханалардың ғылыми қызметкерлері, барлығы 30-дан аса тыңдаушы қатысты.
Вебинарда Қазақ ұлттық аграрлық университетінен басқа да ТМД қатысушы-мемлекеттердің жетекші жеті аграрлық университетінің тыңдармандары болды. Дәрістерді есімдері әлемнің ғылыми ортасында танымал, К.А.Тимирязев атындағы МАША - Ресей мемлекеттік аграрлық университетінің ғалымдары: т.ғ.д., профессор, РЖҒА академигі Дунченко Н.И., б.ғ.д., профессор Валихов А.Ф., РҒА корреспондент мүшесі РАН, т.ғ.д., профессор Чернуха И.М. және  т.ғ.д. Федотова О.Б. оқыды.

photo
Ұлттық сапа менеджменті жүйесін және азық-түлік қауіпсіздігін құру, халықаралық стандарттар мен проблемаларға заманауи көзқарастар, сүт және ет өнімдерінің сәйкестендіру және бірыңғай экономикалық кеңістік, техникалық жобалау құжаттарына, сондай-ақ КО ТР сәйкес өнімдердің таңбалау нарығында олардың айналымы шеңберінде Кеден одағының құқықтық құжаттарын әзірлеу сынды басым бағыттар қарастырылды. Тыңдаушылар тест сұрақтарына сәтті жауап бергеннен соң Халықаралық деңгейдегі вебинарға қатысқандығы туралы сертификат ала алады.

 
ҚазҰАУ-дың Баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген  М.Ботабеков
 
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты