Autodesk бағдарламалық өнімдері бойынша Семинар: Fusion 360, Inventor - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1749 Статистика

Autodesk бағдарламалық өнімдері бойынша Семинар: Fusion 360, Inventor

2019 жылы 15 қарашада Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «IT - Технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау» факультетінің және «Механика және ауылшаруашылық техникасын құрылымдау» кафедрасының қолдауымен The CAD Academy компаниясымен бірлесіп (Autodesk корпорациясының ресми білім беру дистрибьюторы) Машина жасау саласы үшін Autodesk бағдарламалық өнімдері бойынша семинар өткізілді. Семинарға «IT - Технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау» факультетінің кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер шақырылды. Бұл семинарда CAD Academy техникалық директоры Артур Одров баяндама жасады, ол Autodesk бағдарламалық өнімдері бойынша тәжірибе жинақтап қана қоймай, сонымен қатар машина жасау саласы үшін инженерлік мәселелерді кәсіби деңгейде шешуді таныстыра білді. Семинарда Артур Одров Autodesk Fusion 360 және Autodesk Inventor бағдарламалық өнімдерінің барлық мүмкіндіктерін таныстырды.
 

Таныстыру семинарына бөлінген бір күн студенттер мен оқытушылар құрамының қызығушылығын көрсетті. Мұнда оқытушылар Машина жасауға арналған Autodesk өнімдерін, олардың қолайлылығы мен жоғары функционалдығын көре алды. Студенттер университетті бітіргеннен кейін оларды не күтіп тұрғандығы туралы нақты түсінік алды, енді олардың кәсіби болашаққа дайын болуының бірегей мүмкіндігі бар. Іс-шара аяқталғаннан кейін халықаралық деңгейдегі Autodesk сертификаттары берілді.
ҚазҰАУ және The CAD Academy компаниясы (Autodesk корпорациясының ресми білім беру дистрибьюторы) 2017 жылдан бастап тығыз ынтымақтастық барысында жұмыс істейді, «Механика және ауылшаруашылық техникасын құрылымдау» кафедрасының қызметкерлері CAD академиясының бағдарламалық өнімдері бойынша толық курстардан өтіп, халықаралық деңгейдегі Autodesk сертификаттарына ие болды.

 
«IT - Технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік
кешенін механизациялау» факультетінің деканы
Абдильдин Нурдан Кенесбекович 

«Механика және ауылшаруашылық техникасын
құрылымдау» кафедраның меңгерушісі
Макатова Жанаркуль Малибекқызы
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты