Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан! - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1827 Статистика

Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан!

11.12.2019 жылы Ветеринария факультетіне қарасты “Жалын” студенттер үйінде “Биологиялық қауіпсіздік” кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай “Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан!”атты іс-шара болып өтті.
 
Іс-шараның мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып,қазіргі жастарымызды ұлтшылдыққа,бейбітшілдікке баулу, жете түсіндіру. 

Іс-шараның тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Атаулы іс-шарада студенттер өздерінің Желтоқсан оқиғасы жайлы ойларын ортаға салып, көріністер қойып, өлеңдер оқып, күй шертіп өз өнерлерін көрсетті. Кеш өте әсерлі болып, студенттердің бойында ұлттық рух пен отанға деген патриоттық сезім ұялатты.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған
Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
 
           
Кешті ұйымдастырушылар “Биологиялық қауіпсіздік”
кафедрасы оқытушылары Алиев А. К., Хусаинов Д. М.,
Усмангалиева С. С., Омарбекова У. Ж.,
Майхин Қ. Т., Батанова Ж. М., Анарбаева А. С.

және ВМ503 топ студенттері.

 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты