Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетіне зерттеуші мәртебесі берілді - Казахский Национальный Аграрный<br/> Исследовательский Университет
Университет перешёл на дистанционное образование
Новость #2197 Статистика

Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетіне зерттеуші мәртебесі берілді

Үкімет қаулысымен Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетіне «Ұлттық зерттеу» мәртебесі берілді. Статистикаға жүгінсек, еліміздегі 22 университетте ауыл шаруашылық мамандары дайындалады. Қазақстан секілді аграрлық мемлекетке білімді мамандар қашанда қажет. Жаңа мәртебеге ие болған оқу орнына қандай міндеттер жүктеліп отыр? 

Әлемдік тәжірибеде зерттеу университетінің табысты жұмыс істеуі үшін негізгі үш факторға көңіл бөледі. Бірінші талантты ғалымдарды тарту. Екінші, қажетті ресурстарды шоғырландыру. Содан кейін тиімді менеджментті қолдану. «Тоқсан жылдан астам тарихы бар университет басшылығы зерттеу мәртебесін алу үшін он жыл тынбай еңбек еттік» дейді.

Тілектес Есполов, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры:
Әлемдік инновациялық технологияларды, озық білім мен ғылымды тарту және бейімдеу зерттеу университеттерін құрудың негізгі міндеті. Мысалы, озық ғылым мен білімді тарту мақсатында біз QS әлемдік рейтингте бірінші орын алатын Вагенинген Нидерланды зерттеу университетінің тәжірибесін басшылыққа алып отырмыз.

Толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы оқуға болады:
Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетіне зерттеуші мәртебесі берілді
Читайте также Архив новостей