Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ҚазҰАУ-ға ресми жұмыс сапарымен келді - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #453 Статистика

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ҚазҰАУ-ға ресми жұмыс сапарымен келді

Қазақ ұлттық аграрлық университетіне Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ресми жұмыс сапарымен келіп, оқу орнының инновациялық бағыттағы ғылыми орталықтарды аралап, ғалымдармен, білім алушы жастармен кездесті.
Университет ректоры, академик Тілектес Есполов бастаған оқытушы-профессорлар құрамы аймақ басшысына оқу орны базасындағы заманауи Агротехнологиялық хаб, соның ішінде Қазақстан-Беларус агроинженерлік инновациялық көрсетілім алаңы, Қазақстан-Жапон инновациялық орталығы, Оқу-тәжірибелік бақ, Инновациялық Су орталығы және Инновациялық жылыжай жұмысымен таныстырды.

photo
photo
photo
Кездесу барысы бұдан кейін оқу орнының бас ғимаратында өткен «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Директорлар Кеңесінің кеңейтілген отырысында жалғасты. Аймақ басшысының ресми жұмыс сапарына орай өткен жиынға «Қазақ ұлттық аграрлық университетінің» КеАҚ Директорлар Кеңесінің мүшелері, Басқарма мүшелері, Университеттің басқарушы мамандары, декандар, сонымен қатар, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары және БАҚ өкілдері қатысты. Басқосуда Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҰҒА Вице-президенті, академик Тілектес Есполовтың 2016 жылы университетте атқарылған жұмыстар туралы баяндамасы тыңдалды. КеАҚ Директорлар Кеңесінің мүшелері алдағы кезеңге арналған жоспарлар құрды.

photo
photo
photo
photo
Ректор өз сөзінде Қазақ ұлттық аграрлық университеті қазақстандық оқу орындары арасында алғашқылардың бірі болып ұлттық зерттеу университетіне трансформацияланғанын атап өтіп, осы бағытта мемлекет жүкеген міндеттерді ғалымдармен, өндірісшілермен бірлесіп, барынша жүзеге асырып отырғандығын атап өтті.
Оқу орны өз базасындағы ғылыми-зерттеу орталықтары арқылы ауылшаруашылығының әр саласындағы проблемаларды зерттеп, соларды ғылыми жолмен шешуде қарқынды жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар халықаралық талаптарға сай біліммен қаруланған агроөнеркәсіптік кешеннің жаңа буын мамандарын дайындауда да еліміздегі алдыңғы қатарлы білім ошағы болып табылады. Магистрант, докторанттар – жас ғалымдарымыз өздерінің ғылыми жобаларын жасап, өндіріске жаңалықтар енгізуде. 
Кездесуге арнайы келген «Байсерке-Агро» ғылыми-өндірістік оқыту орталығының директоры Темірхан Досмұхамбетов бүгінгі күні орталық Алматы облысы әкімдігімен, Қазақ ұлттық аграрлық университетіменмен әріптестік байланыста бірлескен жобаларды тиімді іске асырып келе жатқандығын тілге тиек етті.
Қазіргі уақытта университет сдуденттері  екінші курстан бастап «Байсерке-Агро» ғылыми-өндірістік оқыту орталығында өндірістік практикадан өтіп келеді.
Отандық ауыл шаруашылығы білімі мен ғылымының көшбасшысы саналатын Қазақ ұлттық аграрлық университетінде атқарылып жатқан жаңа бағыттағы ауқымды жұмыстарға жоғары бағасын берген аймақ басшысы Амандық Ғаббасұлы алдағы уақытта да Алматы облысы мен университет арасындағы тығыз байланыстар өз жалғасын табатынына сенім білдірді.
Кездесуді қорытындылай келе әкім: Елбасы Жолдауында айтылғандай экономикамыздың драйвері болып отырған ауылшаруашылық саласын жандандыруға ғылымданған өндірісті меңгерген білікті мамандар дайындау арқылы үлес қосу ісінде – Қазақ ұлттық аграрлық университеті заманауи бағытта ұтымды қадамдар жасап отыр деп ерекше атап өтті.
 

photo
photo
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Суреттерді түсірген М.Ботабеков
 
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты