Әль-Фараби және оның рухани мұрасы. (Ғұлама ғалымның 1150 жылдығына арналады) - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Университет перешёл на дистанционное образование
Новость #1901 Статистика

Әль-Фараби және оның рухани мұрасы. (Ғұлама ғалымның 1150 жылдығына арналады)

2020 жылдың 12 ақпан күні  Шығыстың ұлы ойшылы, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, ғұлама ғалым, философ Әбу Насыр әл- Фарабидің 1150 жылдығына орайластырылған  «Әл - Фараби және оның рухани мұрасы» атты тақырыпта университетімізде   «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасы,  «Рухани жаңғыру» орталығы мен ғылыми кітапхана бөлімінің ұйымдастырумен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің  модераторы Ш.А. Абухановтың кіріспе сөзімен ашылған дөңгелек үстел барысында,  «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті»  кафедрасының меңгерушісі, профессор Д.И.Салқынбек сөз алып:  әл - Фараби бабамыздың өмірі мен рухани әлеміне жан-жақты тоқтала келіп, әлемдік деңгейдегі аталып өтейн деп отырған іс -шараның мәніне жалпы көпшілік қауымның көңілін аударды. Сондай ақ келесі баяндамашы әл - Фараби атындағы «Қазақ ұлттық университетінің» докторанты, фарабитанушы,     Қ.Р. Раисов әл - Фарабидің философиялық көзқарастары мен еңбектеріне  тоқталып,  Қазақ ұлттық университетіндегі фарабитану орталығының өткізген іс шараларын баяндады. Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында  «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасының аға оқытушылары:  Е.О Сырбаев,  З.Т. Тастанова және М. М Сембаева      әл - Фарабидің шығармашылығына,  еңбектеріне тоқталып  ғұлама ғалымның еңбектерінің мазмұнын студенттерге жан-жақты түсіндіріп берді.   

Дөңгелек үстелге университетіміздің «Орман, Жер, Су ресурстары» және     «IT технологиялар автоматтандыру және агроөнеркәсіп кешенін механизациялау» факультеттерінің студенттері: Қ. Кеңесбек (Мр-203), П. Төлік (ВР-202), Ж. Нартай, А. Өтежанова, І. Медеуовалар (КД-111) баяндама жасап,  іс- шараның қызықты өтуіне белсене атсалысты.
 
 
  
Ш.А.Абуханов
аға оқытушы
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты