Агроөнеркәсіптік кешенін жаңа бағытта дамыту талқыланды - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1418 Статистика

Агроөнеркәсіптік кешенін жаңа бағытта дамыту талқыланды

Қазақ ұлттық аграрлық университетіне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Балиева Зағипа Яхияқызы келіп, оқу орны жетекшілерімен, ғылыми-зерттеу институттарының  басшыларымен кездесті.  Жиында Қазақстандағы жеміс-көкөніс шаруашылығы, жалпы агроөнеркәсіптік кешеннінің бүгінгі ахуалы талқыланды. Зағипа Яхянқызы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ауылшаруашылығы саласына қатысты мәселелеріне ерекше тоқталды.
 
 

Еліміздің Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында еліміздегі экономикалық және технологиялық салалардың қарқынды дамуына айрықша мән берілген. Осы мақсатта «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылып, сандық жүйе экономиканың күре тамыры саналатын барлық бағыттарға жаппай енгізіліп жатыр. Нәтижесінде ауылшаруашылық өнімдерін өткізуді жүйелеуде, экс­порт нарығын дамытуда сан­дық жүйенің берері мол. Осы не­гізде мал ша­руа­шы­лығы, өсімдік және балық өнімдерін бақылау мақ­са­­тында мониторинг жасалып, ақ­паратты электронды түрде алу мүмкін болмақ.
 

Сонымен қатар университет жанындағы Ситуациялық орталықты даму перспективалары, Израилмен бірлескен жоба – жеміс-көкөніс қауіпсіздігі жайлы мәселелер сөз болды.
ҚазҰАУ жанынан құрылған Агротехнологиялық Хаб құрамына кіретін ғылыми орталықтар жұмысы инновациялық дамуға негізделген. Аймақтардағы оқу-тәжірибелік алаңдары студенттердің теориялық білімін практикамен ұштастыруына мол мүмкіндік туғызуда. Студенттер егістік алқаптарында, сүт фермаларында, жайылымдарда тікелей өндіріске араласып, өз саласын жете зерттеуіне кең жол ашылуда.
Зағипа Балиева Қазақ ұлттық аграрлық университетімен бірлесіп жұмыс істейтін серіктес шаруашылықтар жұмысымен танысты.
 
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Фото: М.Ботабеков
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты