Аграрлық ғылым жолындағы жас ғалымдар: болашағы мен жетістіктері - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1485 Статистика

Аграрлық ғылым жолындағы жас ғалымдар: болашағы мен жетістіктері

26-27 сәуір күндері Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Аграрлық ғылым жолындағы жас ғалымдар: болашағы мен жетістіктері» атты студенттер және жас ғалымдардың ХХІІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы табысты өтті. Екі күнге жоспарланған конференция «Жастар жылы» аясында ұйымдастырылды.
 
 
 

Жиынды Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Бірінші проректор, ҚР ҰҒА академигі Қанат Тіреуов ашты.  Ғылым-білімді дамытуға,  оның жемісті жолын бүгіннен бағдарлауға арналған халықаралық конференцияға қатысушыларды құттықтады, жиынды өткізудегі мақсат, міндеттерге тоқталды. Университеттің бүгінгі тыныс-тіршілігімен және жиынға арнайы келген қонақтармен таныстырды.  «Жануарлардың індетті және инвазщиялық аурулары»  кафедрасының доценті Майрамкул Толубаева (К.И . Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университеті),   «Alemagro» ЖШС директоры Думан Жүнісхан, «ЭФКО» ЖШС директоры Нұржан Қожамұратов,  т.б. болды. 
 
 
 

Конференцияның мақсаты – студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми-зерттеушілік шеберліктерін және шығармашылық белсенділігін дамыту. Сонымен қатар, агроөндірістік кешенді индустриальды-инновациалық дамытуға ықпал ету, заманауи аграрлық ғылымның маңызды міндеттерін шешуге тарту.
Конференцияға қатысу – 40 жасқа дейінгі жас ғылыми қызметкерлер, докторанттар, магистранттар, студенттер үшін өздерінің ғылыми жұмыстарын жарыққа шығаруда зор мүмкіндік. Конференция жұмысына алдын-ала 500 баяндама тіркелген.
Пленарлық және секциялық мәжілістерде Start-up жобалар таныстырылып, баяндамалар және жарыс сөздер тыңдалды.

Конференция жұмысының негізгі ғылыми бағыттары келесі секциялар бойынша жүргізілді:
1. Агробиология және экология
2. Ветеринария  және биотехнология
3.Технология, селекция, биоресурс және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу
4. Экономика, менеджмент және құқық
5. Су мәселелері және жер мелиорациясы
6. Орман, жер ресурстары және фитосанитария
7. Агроинженерия, энергетика, ақпараттық технологиялар, кәсіби оқыту
8. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар

Конференция еліміздің агроөнеркәсіптік кешені салаларының барлығын қамтитын 8 секция және 27 кіші секция негізінде жүргізілді. Конференция жұмысына қонақ ретінде К.И.Скрябин ат. Қырғыз ұлттық аграрлық университетінің, Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің, әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің, С.Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық университетінің, М.Қозыбаева ат. Батыс-Қазақстан мемлекеттік университетінің, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, І.Жансүгіров ат. Жетісу мемлекеттік университетінің, М.Х.Дулати ат. Тараз мемлекеттік университетінің, Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің, Қазақ ғылыми-зерттеу институты, Микробиология және вирусология ҒӨО және басқа да мекемелердің студенттері, жас ғалымдары қатысты.
 
 
 

Халықарарлық ғылыми конференцияда 22 шетелдік ЖОО мен Ресей, Польша, Украина, Белоруссия, Армения, Өзбекстан, Қырғызстан ҒЗИ ғылыми жұмыстары таныстырылады. Қазақстанның 29 ЖОО мен ҒЗИ ғылыми жұмыстары қабылданды. Жалпы алғанда конференцияға 250 қатысушының 27-сі басқа ЖОО-дан.
Конференция аясында ҚазҰАУ студенттері, магистранттары, докторанттары арасында старт-ап жобалалардың байқауы өтті. Бұл байқаудың мақсаты – студенттер мен жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігін дамыта отырып, АӨК маңызды міндеттерін шешуге тарту. Жыл басынан бері байқауда 90 жоба таныстырылды. Комиссия шешімімен финалға 12 жоба іріктелді.
Пленарлық отырыста ҚазҰАУ студенттерінің 12 старт-ап жобалалары таныстырылды. Жобалаларды 10 адамнан құралған, ішінде ҚР БҒМ ғылыми комитетінің, Қырғыз ұлттық университетінің, AlemAgro және Алматы ЭФКО өкілдері бар арнайы комиссия қарады.
 
Байқаулар мен  стартап жобапларының жеңімпаздары:
 
1-орын. 150 000 теңге
Төленді  Алтынай, Нурсалимова Томирис  – Ветеринария факультетінің 4 курса студенттері.
«Пенодез» дезинфекциялық препарат
 
2-орын. 100 000 теңге
Болатқызы Жансая – IT технологиялар, автоматтандыру және АӨК-ті механизациялау факултьтетінің 3 курс студенті.
Есеңгірету боксы
 
3-орын. 60 000 теңге
Технология және биоресурстар факультетінің  3 курс студенті
Тойғанбай Гульзат.
Қошақан
 
4-орын.30 000 теңге
3 курс студенті
Силос
 
5-орын. 30 000 теңге
Қоңыр Жансая, Кенжалиева Назерке – 3 курс студенттері.
Диеталық алма пастиласының өңдеу технологиясы
 
6-орын. 30 000 теңге
Абдымалик Нурзада, Мамбеталы Шугыла – 3 курс студенттері. 
Ауыл шаруашылығындағы шағын бизнестің бухгалтерлік есебін сандық жүйеге көшіру

Озық жұмыстар мен байқау жеңімпаздары арнайы дипломмен және Қазақстан Республикасы Бірінші Президенті – Елбасы Қорының қаржылық демеушілігімен ақшалай сыйлықпен марапатталды.
 
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Фото: М.БОТАБЕКОВ
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты