Аграрлық білім мен ғылымды реформалау туралы - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1138 Статистика

Аграрлық білім мен ғылымды реформалау туралы

        2018 жылдың 9 қарашасында Алматыда «Ғылымға негізделген агроөнеркәсіп кешенін қалыптастыру» (Building Knowledge-based Agriculture) тақырыбында Форум болып өтті.
 Форум алаңында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың алға қойған міндеттерін жүзеге асыру жолындағы бірлескен қадамдарды талқылау үшін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің басшылары, ЖОО мен ҒЗИ ғалымдары, жергілікті атқарушы органдар, агрокәсіпорындар, халықаралық ұйымдардың басшылары, ата-аналар, студенттер, магистранттар мен докторанттар бас қосты.
Форумның жұмысын аша отырып, ҚР Премьер-министрінің орынбасары-ҚР Ауыл шаруашылық министрі Өмірзақ Шүкеев бізде ғылымның бар екендігін, оның нақты тәжірибелік қорытындыға жұмыс істей алатындығын атап өтті. «Дегенмен, біз оның тиімсіз екендігін мойындауымыз керек. Ғылым бизнестің қажеттілігінен алшақтап кетті. Ғылыми-техникалық жұмыстар нәтижелерінің тек 8% ғана өндіріске енгізіледі. Мамандар мәселесі де бар: ғылыми мамандардың қартаюы, алдыңғы қатарлы технологиялардан және әлемдік ғылыми қауымдастықтан алшақтығы. Оның үстіне, жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша АӨК субьектілерінің 80 пайызында маман тапшылығын сезініп отыр» - деді Министр өз сөзінде.
Ауылшаруашылық министрлігі бизнес өкілдерімен, ғалымдармен білесе отырып, аграрлық жоғары оқу орындарын Назарбаев Университеті деңгейіндегі университеттерге трансформациялаудың жаңа бағдарламасын жасап, енгізіп отыр.
«Бізге ең озық технологияларды аграрлық салаға енгізуге дайын мамандар қажет.  Жаңа өндірістерді игеру керек, ғылыми жетістіктерді және оларды тәжірибеде пайдалануды дамыту керек. Саланы басқарудың озық тәжірибелерін қабылдап, осы жұмысқа шетелдік беделді мамандарды тарту керек» - деді Өмірзақ Шүкеев.
 
photo   photo
 
Форум мінберінен сөйлеген сөзінде-Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Тілектес Есполов жоғары оқу орнының базасында ғылыми-білім беру франчайзингі трансферті негізінде әлемдік деңгейдегі университет құрылуда екендігін атап өтті. Бұл бағытта шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының тәжірибесі зерттеліп, бір-бірін өзара толықтыратын негізгі екі факторд ескерлді.
Біріншісі – үкіметтің ұлттық деңгейдегі ролі және ЖОО мәртебесін арттыруға тартылатын ресурстар. Екіншісі – қажетті өзгеріс процестері және әлемдік деңгейдегі университет құру жолындағы қадамдар.
ҚазҰАУ дамудың бірінші жолын таңдады және көптеген жылдар бойы осы бағытта жүйелі түрде жұмыс істеп келеді, оқу орнының 9 халықаралық және ұлттық рейтингтердегі көрсеткіштері осының нәтижесі болып отыр.
Университет басшысы, академик Тілектес Исабайұлы әлемдік деңгейдегі зерттеуші университеттің өзіндік тұжырымдамасы жасалғандығын, онда «Табыс факторлары» - ғылыми дарындар, қажетті ресурстар және тиімді менеджмент мәселелері қарастырылғандығына тоқталды. Оқу орны әлемнің озық оқу орындарымен бірге ғылыми-білім франчайзинг трансферті негізінде әлемдік деңгейдегі университет үлгісін жасауды жоспарлап отыр.
Шетелдік ЖОО тәрибесі көрсетіп отырғандай, франчайзинг бағдарламалары университеттердің жедел дамуыныңы бірден бір құралы ретінде қолданылып келеді.
 
photo   photo

ҚазҰАУ өзінің инновациялық даму жолында QS рейтингінің 1-орныда тұрған ЖОО Вагенинген (Нидерланды) университінің тәжірибесіне сүйенеді. Бұл университеттің қалыптасу және даму тәжірибесі оқу орнының табысы оның осыдан 20 жыл бұрын құрамына енген 5 ғылыми-зерттеу институттарымен интеграциялануында жатыр. Вагенинген университетінде мамандар дайындығы ғылым арқылы, ғылыми-зерттеу институттарында өтеді. Оның дамуындағы барлық мәселелерге мемлекет  толықтай қолдау көрсетіледі. Вагенинген университетінде MFC жүйесі құрылған, оған университет, кәсіпорындар, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар кіреді. Олар бүкіл әлем бойынша 20-дан аса агроииновациялық  кластерлер жасап, жүзеге асырған және оған бизнесті де тартып отыр. ҚазҰАУ MFC жүйесіне енген.
ҚазҰАУ ректоры өз сөзінде  азық-түлік қауіпсіздігі, азық-түлік эпидемиолгиясы және қоғамдық денсеулық сақтау, өсімдік шаруашылығы сияқты мамандықтар бойынша магистратураның білім бағдарламаларында online-режиміндегі франчайзингті енгізу мәселелеріне баса назар ауцдарды. Оқуды бітірген соң түлектер Вагенинген университетінің дипломын алып шығады. Франчайзинг бағдарламасы бойынша 2019 жылы 100 магистрантты ақуға қабылдау жоспарланып отыр. Сонымен қатар LabEX форматындағы халықаралық зерттеу бағдарламалары аясында суармалы шаруашылық, жеміс-көкөніс шаруашылығы, мал шаруашылығы сияқты басым бағыттар бойынша Мичиган штаты Университеімен бірге 20 жоба жасалатын болады.
Әлемдік озық тәжірибелерді енгізу нәтижесінде 2023 жылға қарай оқыту сапасы артып, ғылыми бағдарламалардың орындалуы өсіп, аграрлық нарықтағы түлектерге деген сұраныс артады.
 
photo   photo

photo
Франчайзингті енгізудегі шетелдік тәжірибелер тақырыбына халықаралық сарапшы Р.Воогдт тоқталды. Университет магистранты Д.Душниязова өзінің табысқа жету тарихымен бөлісті. 
Сонымен қатар Форумда Парламент Мәжілісінің депутаты М.Б. Теміржанов, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры А.Күрішбаев, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры А.Нәметов, «Қазақ жер шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директорының м.а. А.Агеенко сөз сөйлеп, салада қордаланып қалған
Форумды қорытындылай келе «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім орталығы» ҰАҚ Бсқарма Төрағасы Ү.Тәжібаев ғылым мен бизнестің өзара тиімді әрекеттестігін арттыру, білім айналымын жасауға мүмкіндік беретін өңірлік зерттеу орталықтарын құру керектігіне тоқталып өтті.
Форумға қатысушылар осындай пікір алмасулардың саланы сауықтырудағы пайдасы мол екенін атап өтті және аграрлық білім мен ғылымды реформалау тұжырымдамасын қолдады.   
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Фото: М.Ботабеков
 
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты