АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1699 Статистика

АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ

"Су, жер және орман ресурстары" факультетінің № 10 "Аққайың" студенттер үйінде 22 қазан күні "Адалдық алаңы"атты шара өтті.

Студенттер мен оқытушылар өздеріне қажетті затты сатып алып, ақшаны импровизацияланған кассада қалдыра алады. Сатып алу және сату процесі сатушының қатысуынсыз өтті. "Адалдық алаңы" сөрелеріне кеңсе тауарлары мен студенттерге қажетті керек-жарақтар қойылған.

«Адалдық алаңы» дүкенінің ашылуы арқасында кез келген студент түрлі тауарларды сатып алып, заттың ақшасын арнайы касса қорапшаға сала отырып, сатушысыз өз адалдығымен сауда жасайды. Осы арқылы біз студенттерді адалдық пен парасаттылыққа тәрбиелейтін боламыз.

 

Бұл-тамаша бастама: енді әркім өзін адалдыққа тексере алады, бұл, әрине, кез келген алдауға қарсы тұра отырып, адамгершілік пен адалдыққа тәрбиелеуге ықпал етеді. Шын мәнінде, адал болу - бұл адам баласы үшін ең дұрыс және керемет қасиет. Біз ЖОО оқытушылары университет қабырғасынан адал әрі шыншыл мамандардың шыққанын қалаймыз.

«Аққайың» студенттер үйіндегі "Адалдық алаңының" ашылуына біздің факультеттің 2011 жылғы түлегі және осы шараның басты демеушісі болған Асхат Мауленов және "Жігіттер" тобының әншісі Ердос Қанаев қатысты. Сонымен қатар, факультет деканы Абаева К.Т., университеттің бес факультеттің студенттік белсенділері, декан орынбасарлары Шабалина М.В., Омарова Ш.Ж., 1 курстың куратор-эдвайзері Аскарова К.У., топ кураторлары Борисова Ю.С., Шыныбеков М.К., Керимбаев С.С. және 1-4 курс студенттері белсене қатысты.

Читайте также Жаңалықтар мұрағаты