Абайды оқы, таңырқа - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1905 Статистика

Абайды оқы, таңырқа

Қазақ халқының ең даңқты ұлына және ең дана тәлімгеріне өшпес естелікке деген мәңгілік махаббатын білдіру үшін 2020 жылдың 11 ақпанында кітапхана-ақпараттық орталығының оқу залында «Ветеринариялық-санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасының оқытушылары және 315 көптілді топ ұйымдастыруымен «Абайды оқы, таңырқа» атты мерекелік кеші өтті.

Оқырмандарға «Абайды оқы, таңырқа» атты кітап көрмесі ұсынылды, кітапхана қорының інжу-маржаны болып табылатын Абай Құнанбаевтың еңбектері көрсетілді.

Әрине, Абай Құнанбайұлы ғалым, ойшыл, ақын, ағартушы, жаңа ұлттық әдебиеттің негізін салушы, аудармашы және композитор ретінде еліміздің тарихында өшпес із қалдырды. Оның өлеңдері мен прозасында кейінірек Абай әлемі деп аталатын ерекше құбылыс ретінде бағаланған ұлттық болмыс, өмір, дүниетаным, мінез, жан, сенім, тіл, дәстүр, халықтың рухы бейнеленген.
 
 
Студенттер Абайдың махаббатқа толы өлеңдерін, «Қара сөздерін» - ақын ағартушы Абайдың адамның азаматтық парызы туралы ішкі ойлары, «Қөзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем Қаламқас» атты өлеңдерін айтты.

Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, студенттердің ынтасы, белсенділігі мен қызығушылығы қуантты.

Оқытушылар мен студенттер кітапхана қызметкерлеріне алғысын білдірді.

 
Орындағандар «Ветеринариялық санитариялық
сараптау және гигиена» кафедрасының ПОҚ

Турабеков М. Р.
Қалаң Қ.
Асқар А. А.
Байдилдаева И. К.

 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты