90 жылдық тұғырым - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Университет перешёл на дистанционное образование
Новость #1935 Статистика

90 жылдық тұғырым

21.02.2020 жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің 90-жылдық мерей тойына орай «Агробиология» факультеті «Топырақтану және агрохимия» мамандығының ПА-105қ студенттерімен куратор оқытушылар: Жаманғараева А.Н., Жаппарова А.А., Малимбаева А.Ж., Шибикеева А., Ертаева Ж., Қараева Қ ұйымдастыруымен «90 жылдық тұғырым» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты: іргесі 90-жылда бекініп, керегесі кеңейген, бірлігі жарасқан, ырысы тасыған Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің тарихымен таныстыру.

Тарихы 1929 жылдан бастау алатын білім ордасына – бір ғасырдай уақыт өтіпті. Білім ордасы осы жылдар ішінде жүз мыңдаған шәкірт тәрбиелеп ұшырған. «Топырақтану және агрохимия» мамандығын тәмамдаған қаншама мамандар елге танымал тұлғалар, ғалымдар еліміздің соның ішінде ауылшаруашылығының өркендеуіне өз үлестерін қосуда.
 

Кафедрада көп жыл шәкірт тәрбиелеуде еңбек еткен, өмірден озған профессор оқытушыларымызды: Пономарева А.Т., Тазабеков Т.Т., Басибеков Б.С., Кисиков Қ.Ш, Тоқтыгулов Е.А., Байтканов К.А., Елемеов Ж.Е еске алдық.

Бүгінгі күнде кафедрамыздың мақтан тұтатын профессор оқытушылары: Елешев Р.Е., Умбетов А.Қ., Кубенкулов К.К., Қалдыбаев С.Қ., Балғабаев Ә.М., Жаппарова А.А., Малимбаева А.Ж. Салыкова А.С, Жамангараева А.Н. жас мамандарға ғылым мен білімді қатар меңгеруге аянбай еңбек етуде.


Ұйымдатырушылар Жаманғараева А, Жаппарова А,
Малимбаева А, Шибикеева А, Қараева Қ, Ертаева Ж.

 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты