«100 жаңа оқулық»: жаһандық білімге жол! Ғылыми-әдістемелік семинар - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Университет перешёл на дистанционное образование
Новость #1899 Статистика

«100 жаңа оқулық»: жаһандық білімге жол! Ғылыми-әдістемелік семинар

2020 жылдың 11 ақпанында  «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында  «Қоғамдық-саяси білім» және «Философия» пәндері бойынша қазақ тіліне аударылған оқулықтарды оқу үрдісінде пайдаланудың  жаңа мүмкіншіліктері мен тиімділігі және әдістемелік мәселелерін  талқылау мақсатында  университеттің «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасы, «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығы және ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен ғылыми-әдістемелік  семинар өтті. 
 

Модератор Г.Ш. Баймұратованың алғы сөзімен ашылған семинар жұмысында «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасының меңгерушісі, профессор Д.И. Салқынбек Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылған «100 жаңа оқулық» жобасы бойынша шығарылған  оқулықтардың білім саласындағы маңыздылығына тоқталып, біздің студенттерге дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасалып отырғандығы туралы  баса айтты. Семинарға арнайы шақырылған университетіміздің оқу-әдістемелік жұмыс және білім бағдарламаларының сапасы басқармасының бастығы Ж.О.Ошақбаева  еліміздің жастары заманауи білімнің толқынына ілесіп, өз елінің мәртебесін асқақтатарына сенімі мол  екеніне тоқталып, жастарымыздың сапалы білім алуына осы оқулықтардың септігі мол екендігіне тоқталды.  Семинар барысында Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті кафедрасының оқытушылары Г.Ш. Баймуратова, З.С.Ақтамбердиева, А.Ж.Ахантаева,З.Т. Тастанова, Е.О. Сырбаев , А.К.Шардарбеков «Қоғамдық-саяси білім» және «Философия» пәндері бойынша  қазақ тіліне аударылған оқулықтарды оқу үрдісінде пайдаланудың тиімділігі мен нәтижелері және инновациялық әдістерді қолдану мүмкіншіліктері туралы  баяндамалар жасап қызу талқыланды. Сонымен қатар семинар жұмысына университет ғалымдары,  кафедра оқытушылары С.С.Күлмесханова, С.С.Иманбаева, С.Ә.Жуман, Ш.А.Абуханов, Р.М.Сембаев, Б.Т.Көппаева, М.М.Сембаеваларда өз ойларын ортаға салып  аударылған оқулықтар қазақ тілінен дәріс беретін оқытушылар үшін де  және ел ертеңі, ел тұтқасын ұстайтын өскелең ұрпақ үшінде құнды кітаптар екендігін айтып өтті. Экономика және құқық жоғары мектебінің 1-курс  студенттері  Есимбекова Сабина, Нұрдаулет Назерке, Құттыбеков Біржан  осы оқулыққа қатысты ой-пікірлерін білдіріп, өткізілген мағыналы да тағылымы мол іс-шара ұйымдастырғандары үшін кафедра ұстаздарына алғысын айтты. 
 

Баймұратова  Г.Ш., Тастанова З.Т. 
Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының
 мәдениеті кафедрасының аға оқытушылары

 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты