Университет қашықтықтан білім беруге көшті

ҚазҰАЗУ мұражай

Университеттің миссиясы
Университеттің миссиясы
Университетке 85 жыл!
Өмірдің жарқын сәттері

Оқиғалардың хронологиясы

Көрініс көру көрінісі?

1929
1930
1996
2001
2013
2014
2015
2016
1971


Мұражай туралы Тарих беттері Көрнекті тұлғалар ЖОО-ның басшылары Мәңгілік даңқ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МУЗЕЙІ


Музей туралы 

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің музейі 1996 жылы ең байырғы жоғары оқу орындары Алматы зооветеринарлық институты мен Қазақ ауылшаруашылық институттары  біріктірілгеннен кейін құрылды,  университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 2005 жылы экспозициялық кешендердің кеңеюуіне байланысты  қайта жаңартылып, ашылды. Салтанатты ашылуы университеттің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында болды.
  
Музей университеттің бас ғимаратының  үшінші қабатында орналасқан. Экспонаттар сегіз бөлімде (3 зал, 2 бөлме) орналастырылған. Музейдің жалпы ауданы - 379,3 ш.м.

Музейдің негізі қызметі студент-жастармен жұмыс, оларды университет тарихымен және дүниежүзілік беделге ие көрнекті педагог-ғалымдардың оқу-ағарту және ғылыми қызметімен таныстыру, сонымен қатар жастарға патриоттық және идеялық-рухани тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады.

Музей университеттің құрылған күнінен бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихын бейнелейтін фото-бейне-деректерді, сонымен қатар жазбаша, заттай деректерді жүйелеп жинайды, сақтайды, зерттейді және экспозициялық көрмеге ұсынады. Университеттің белгілі тұлғалары, оқытушылары, қызметкерлері, студенттері, түлектері туралы естелік деректерді, сондай-ақ олардың ғылыми, білім беруғ қоғамдық және мәдени қызметі туралы құжаттарды сақтайды. «Институт ректорлары», «Қалыптасу кезеңі», «Өркендеу кезеңі», «Университет ардагерлері», «Ерлікке тағзым», «Жизнь коллектива», «Спорт жетістіктері» атты  бірнеше экспозициялық-тақырыптық бөлімдерден тұрады. Көрме витриналары мен стендтерінде университет ректорлары, алғашқы студенттері мен оқытушыларының, суреттері мен құжаттары, екі институт ғалымдарының еңбектері қойылған. Сондай-ақ грамоталар, ғылыми жұмыстар, оқу және әдістемелік құралдар, марапаттар және университеттің белгілі қызметкерлерінің естеліктері бар. Көрме витриналарында студент-спортшылардың, спорт командаларының жеңіп алған марапаттар коллекцияларының жиынытығы қойылған. Кубоктар, жалауша, диплом, грамота коллекциялары университеттің спорттық жетістіктері мен дәстүрінің жарқын дәлелі болып табылады.
 
  
Мұражайдың негізгі міндеті:
Музейдегі тарихи құжаттар мен экспонаттар материалдары бойынша студент-жастарға кәсіптік бағдар беру, патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында университет тарихын кеңінен насихаттау. Студент-жастармен жұмыс барысында университетте жүйелі қалыптасқан дәстүр бойынша тәрбие жұмысының әртүрлі жұмыс түрлері  - жастар акциясы, семинар-кездесулер, пікірталастар, дөңгелек үстелдер,  университет түлектері және ардагерлерімен кездесулер, жарыстар, университет тарихы, «Таза ел» музейлеріне бірінші курс студенттеріне дәстүрлі экскурсия жүргізіледі. Бас ғимараттың екінші қабатында университет түлектері - Социалистік Еңбек Ерлері «Ауылшаруашылығы өндірісі мен ғылымының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан Еңбек Ерлері» (2014ж.)  галереясы орналасқан.




 
Фотогалерея

Мұражай экспонаттары


Мұражайға келушілер

Байланыстар
8 (727)267-65-36 Байланыс телефоны
.... Электрондық пошта

© 2020 Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Мекен-жайы: 050010, Алматы қ., Абай даңғылы, 8, бас ғимарат, 3- қабат
Музейдің орналасқан жерін көрсететін карта